ЖОЛДАУ ЖӘНЕ ЖАРҚЫН ІС

Мемлекет басшысы биылғы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында ресурстық әлеуетті одан әрі дамыту бағытында «Жасыл» техно­логияларға инвестиция салу үшін бизнесті ынталандыру, сонымен қатар жергілікті атқарушы органдарға шағын және орта бизнес субъектілерін кеңінен тартып, тұрмыстық қатты қалдықтарды заман талабына сай утилизациялау және қайта өңдеу үшін шаралар қабылдау керектігін тапсырды.
АҚПАРАТ 21 маусым 2018 г. 440 0

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕГІ МАҢЫЗДЫ ИНСТИТУТ

Әдеп жөніндегі уәкіл – мем­лекеттік қызметшілердің қыз­мет­тік әдеп нормаларының сақ­талуын және мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама мен Қазақстан Рес­публикасы мем­лекеттік қызмет­ші­­лерінің әдеп кодексін бұзбауды қам­та­масыз ету қызметін жүзеге асы­ратын, сондай-ақ өз функция­лары шегінде мемлекеттік қызмет­шілер мен азаматтарға кон­суль­тация беретін мемле­кеттік қызметші.
АҚПАРАТ 21 маусым 2018 г. 460 0

Өрт сөндірушіге алғыс білдірді

2018 жылдың 17 маусымында орын алған өрт оқиғасында жедел әрекет еткен өрт сөндіру қызметінің қызметкері азаматтық қорғау майоры Нұрбол Исановқа Төле би көшесі №139 үй 59 пәтердің тұрғыны Т.Байғазиев алғыс білдірді. 
АҚПАРАТ 20 маусым 2018 г. 612 0

Түсіндірме сабақ өтті

Жақында Заң тобы қызметкерлері кәсіби қызметтік дайындық сабағы шеңберінде Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің, оның ішінде тексерулерді ұйымдастыру және жүргізу тәртібін түсіндіру бойынша жеке құрамға сабақ өткізді.
АҚПАРАТ 20 маусым 2018 г. 519 0

«Мемлекеттік Рәміздерді стандапртқа сәйкес қолданылуы туралы»

Ағымдағы жылдың 7 маусымында Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің ұйымдастырылуымен дөңгелек үстел отырысы өткізілді.    
АҚПАРАТ 20 маусым 2018 г. 514 0

Ата-аналардың назарына

Құрметті ата-аналар! Балалардың терезеден құлауының бірі жабық терезе жалған иллюзиясын құрайтын терезедегі москиттерге қарсы тордың бар болуы. Осының салдарынан ата-аналардың қарауынсыз қалған жас балалар қауіп төнеді. Алайда, балалардың ата-аналары терезеден құлауына төтеп бере алатын москитті тордың бар болуы қауіпі жоқ жағдай әсер қалдырады.
АҚПАРАТ 19 маусым 2018 г. 595 0

Табиғатты түлетуде аянбаған абзал

«Арал маңындағы жер ресурстарын орнықты пайдалану және биоалуантүрлілігін сақтау». Бұл тақырып аймақтық ғылыми-практикалық семинарға арқау болды. Оның жұмысына Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитеті, облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы, Арал, Қазалы ауданы әкімдіктері, пилоттық жобаға қатысушы шаруашылықтар мен үкіметтік емес ұйымдар өкілдері қатысты.
АҚПАРАТ 19 маусым 2018 г. 495 0

АШЫҚТЫҚ АЛАҢЫ

Қоғамдық кеңес – мемлекет қабылдайтын шешімдердің жариялы, ашық болуын қамтамасыз ететін консультативтік-кеңесші, әрі бақылаушы орган. Бүгінде бұл құрылым халықтың көкейіндегісін билікке тікелей жеткізуге септесіп жүр. Жақында «Достық үйінде» кеңес мүшелері кезекті рет бас қосып, атқарылуы тиіс шаралар төңірегінде ой қозғады. Көптің көңілінде жүрген бірқатар ұсыныс-тілектерді жеткізіп, оларды шешу жолдарын бірге қарастырды.
АҚПАРАТ 19 маусым 2018 г. 394 0

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ – МЕРЕЙЛІ МӘРТЕБЕ

Қазақстан Республикасы Президен­тінің 1995 жылғы 26 желтоқсандағы «Мемлекеттік қызмет туралы» заң күші бар Жарлығы мемлекеттік қыз­метке арналған бірінші нормативтік құқықтық акт болды. Ал 1999 жылғы 23 шілдеде қабылданған өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы жетіл­діріле түсті. Мемлекеттік қызметтің қазақстандық жаңа моделі Елбасының 2011 жылғы шілдеде бекіткен тұжы­рымдама негізінде пайда болып, 2013 жылдан жұмыс істей бастады. Ал 2013 жылы 26 наурызда «Мемлекеттік қыз­мет туралы» Заңдағы түбегейлі жаңа өзгерістер қолданысқа енгізілді. 2012 жылдың 14 желтоқсанында «Қазақс­тан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзге­рістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы қабылданып, ол 2013 жылдың 26 наурызынан бастап күшіне енді. Енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес мемлекеттік қызметшілердің 3 санаты көзделген. Бұл – саяси мемлекеттік қызметшілер, «А» корпусының мемлекеттік әкім­­шілік қызметшілері және «Б» кор­пусының мемлекеттік әкімшілік қыз­метшілері.
АҚПАРАТ 19 маусым 2018 г. 546 0

ТҮЛЕКТЕР ТАРТУЫ

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласынан туындайтын «Туған жер» бағдарламасының орны ерек­ше. Бағдарламаны қолдаған аза­маттардың ұйымдастыруымен  көп­теген игі істер атқарылуда. Жуырда Жаңақорған ауданындағы Кейден ауылында  осындай  жиын өтті.
АҚПАРАТ 19 маусым 2018 г. 564 0