Ел алғысын алу ердің ісі. Халыққа қалтқысыз қызмет көрсету нағыз жауапкершілік пен іскерлікті талап ететін сала. Осы үдеден шығып, мыңдаған адамға сапалы көмек көрсетіп жүрген «Азаматтарға арналған үкімет» КЕ АҚ мемлекеттік корпорациясының Қызылорда облысы бойынша филиалының еңбегі ерен.
АҚПАРАТ
05 шілде 2018 г.
463
0
Қызылорда қаласында қоғамда сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, мемлекеттік қызмет көрсету және мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі салаларында заң бұзушылықтарды болдырмау мақсатында Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен азаматтық бақылау жобасы аясында облыс бойынша әлеметтік, денсаулық сақтау, жер, тұрғын-үй және құрылыс салаларының басшылары азаматтарды қабылдау жүргізу жұмыстарын жүргізетін болады.
АҚПАРАТ
03 шілде 2018 г.
713
0
Қазақстандық жастарға Францияның жоғары оқу орындарында тегін білім алуға мүмкіндік бар. Бұл туралы Қазақстандағы Францияның төтенше және өкілетті елшісі Филипп Мартинэ айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі yk-news.kz сайтына сілтеме жасап.
АҚПАРАТ
03 шілде 2018 г.
907
0
Абылайхан атындағы жоғары колледжде «WorldSkills Kazakhstan-2018» ұлттық чемпионатының облыстық және аймақаралық кезеңінен жеңімпаз атанған студенттерді марапаттау шарасы өтті. Салтанатты жиынға облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов қатысып, республикалық кезеңге жолдама алған жастарға диплом табыстады. Қазіргі нарықтық қоғамда кәсіби-техникалық білім беру ісін жетілдіру, білікті кадр дайындау маңызды. Руслан Рүстемұлы бұл жоба ұлттық экономиканың кәсіби мамандарға деген сұранысын өтейтінін, жұмысшы мамандықтарының беделін көтеретінін атап өтті.
АҚПАРАТ
03 шілде 2018 г.
442
0
Инклюзивті білім беру – бүгінгі таңда әлем жұртшылығының назарын аударып отырған мәселе. Бұл балалардың жеке сұраныстары мен ерекшеліктеріне ортаның, отбасының қатысуымен білім беру үрдісіне толық қосуды талап етеді. Ал елімізді әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына кіргізу үшін инклюзивті білім беруді 2020 жылға дейін 70 %-ке жеткізу жоспарланған.
АҚПАРАТ
03 шілде 2018 г.
480
0
Бельгияның құқық қорғау органдары Францияда лаңкестік әрекет жасамақшы болған екі күдіктіні ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі RBTF телерадиокомпаниясына сілтеме жасап.
АҚПАРАТ
03 шілде 2018 г.
435
0
Домбыра сөзі көне шумер тілінен аударғанда «кішкентай садақ» деген мағына береді екен. Оның шанағынан шапшып шығып, көңіл толқынын тап басатын қоңыр үн – қазақтың ұлттық рухы, бітім болмысы. Сондықтан, қазақ пен домбыра егіз ұғым ретінде ел есінде ескірмей келе жатыр.
АҚПАРАТ
03 шілде 2018 г.
537
0
Соңғы жылдары қарқынды әлеуметтік-экономикалық дамудың арқасында Қызылорда облысының құрылыс секторы жоғары көрсеткіштерге ие болып отыр. Облыс орталығында, аудандарда жаңа шағын аудандар, әлеуметтік нысандар құрылысы бой көтеруде. Мектептер, заманауи тұрғын үй кешендері, саябақтар мен демалыс орындарының қатары артты. Бір сөзбен айтқанда, қала аумағы үлкейіп, көркейіп келеді. Дегенмен, бұл саланың өзіне тән ерекше назар аударатын мәселелері де аз емес.
АҚПАРАТ
02 шілде 2018 г.
663
0
Қазақстандық коммерциялық емес ұйымдарды жаңа деңгейге шығару қолға алынды. Олардың бір тапсырыстан екінші тапсырысқа дейінгі уақыты өтті, енді әлеуметтік бизнеске бет бұрып, табыс табудың жаңа жолдарын үйренетін болады. Дәл осы мақсатпен елімізде 18 маусымнан бастап «ӘREKET» әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту» жобасы іске қосылды.
АҚПАРАТ
02 шілде 2018 г.
533
0
Әрбір азамат өзінің қызметін адал атқарып,туған елінің шынайы патриоты болғанда ғана қуатты мемлекет құрылады. Елге адал қызмет ететіндер де, керісінше, теріс қылық жасайтындар да бар. Содан болар, халық несібесі мен ел қазынасына қол салатындардан арылу барлық мемлекеттің өзекті мәселесіне айналып отыр.Бұл тұрғыда елімізде арнайы заңдар қабылданып, жүйелі бағдарламалар жүзеге асуда.Тіпті, сыбайлас жемқорлыққа қатысты іс-әрекеттің алдын алуға көмектескендерге үкімет тарапынан арнайы сыйақы да қарастырылған.Олардың қауіпсіздігі заңмен қамтамасыз етілген.
АҚПАРАТ
02 шілде 2018 г.
607
0