ҚР 2015 жылғы 12 қарашадағы №392-V «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңының 14-бабында ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның құзыреті белгіленген. Онда тәуекелдерді басқару жүйесінің бірі болып айқындалған тәртіппен камералдық бақылауды жүзеге асыру көрсетілген.
АҚПАРАТ
23 шілде 2018 г.
423
0
Қапшағайда ардагер футболшылар арасында кіші футболдан мәнерлеп сырғанаушы, жасөспірімдер арасындағы олимпиада мен қысқы Азия ойындарының жүлдегері, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Элизабет Тұрсынбаеваның жүлдесі үшін жарыс өтті. Жарыста Қазалы ауданының ардагер футболшыларынан жасақталған «Kazaly», Астана, Алматы, Тараз және Қызылорда қаласында тұратын қазалылықтардан құралған «Zamandastar», Қапшағай қаласының ардагерлерінен тұратын «Dostyk» және «Team Elizabet Tursynbaeva» командалары бақ сынады.
АҚПАРАТ
23 шілде 2018 г.
425
0
Қызылордалық студент Дастан Айтбай вирусқа қарсы қорғаныс ретінде қолданылатын арнайы жобаны ойлап тапты. Бұл жоба облыс әкімдігінің қолдауымен ақпараттық технологияны дамыту мақсатында ашылған ІТ-паркінде көпшілікке кеңінен таныстырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
АҚПАРАТ
22 шілде 2018 г.
934
0
Қазақстанның Сарышаған полигонында ресейлік зымыранға қарсы қорғаныс жүйесінің (ЗҚЖ) жаңа зымыраны сынықтан өткізіліп, ұшырылды. Бұл туралы «Красная звезда» басылымы жазды, деп хабарлайды Bаq.kz ақпарат агенттігі.
АҚПАРАТ
20 шілде 2018 г.
537
0
2020 жылдан бастап елімізде болашақ зейнетақы мөлшерін арттыру мақсатында «Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары» деп аталатын шартты-жинақтаушы құрамдауышты енгізу жоспарланып отыр. Бұл жарналарды енгізу Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін одан әрі жаңғыртудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасында көрсетілген. Ал Тұжырымдама 2014 жылы Елбасы Жарлығымен бекітілген NUR.KZ
АҚПАРАТ
20 шілде 2018 г.
807
0
«Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығының нормаларында адал, әділ, қарапайым болуға, жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын сақтауға, азаматтармен және әріптестерімен қарым-қатынаста сыпайылық пен әдептілік танытуға; өзінің іс-әрекетімен және мінез-құлқымен қоғам тарапынан айтылатын сынға себепкер болмауға, сынағаны үшін қудалауға жол бермеуге, орынды, сынды кемшіліктерді жою мен өзінің қызметін жақсарту үшін пайдалану талаптары айқындалған.
АҚПАРАТ
17 шілде 2018 г.
684
0
«Бай болсаң, халқыңа пайдаң тисін» деген аталы сөз бар. Астарынан адамгершілік аталатын ұлы ұғым есіп тұрғаны айтпасақ та белгілі. Оған қоса сауапты істі ұрпағының бойына сіңіруге тырысқан бабаларының жомарттық, мәрттік дағдыны да ту көтерген. Бүгінгі әңгімемізге арқау жеке кәсіпкер Берік Жандәулетов – дәл осындай жомарт жүректі азаматтардың бірі. Сонау тоқсаныншы жылдардың бас кезінде Ақтөбедегі құрылыс колледжін бітірген Берік еңбек жолын жеке кәсіпкер ретінде бастаған болатын. Бұл кезең егемендікке жаңа қолы жеткен еліміздің экономикасы шатқаяқтап жатқан шағы еді. Қиындығы жалпақ жұртқа тұтас білінген өліара мезгіл біздің кейіпкерімізді де айналып өтпеді. Қиналды, талай мәрте торықты да. Алайда кездескен кедергілер жігерін жасыта алмады. Керісінше, қайрауы келіскен шарболатша шыңдалды. Ақыры сең қозғалды. Берік басқарған «Жұлдыз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жеке тұлғаларға несие беріп, шаруасын дөңгелентуге септігін тигізді. Жылдар өте Арал қаласынан монша құрылысын іске қосса, бірнеше жерден май құю бекеттерін ашты.
АҚПАРАТ
17 шілде 2018 г.
508
0
Бұдан былай көлікті электрондық үкімет порталында онлайн-режимде тіркеуге мүмкіндік бар. Тек электрондық-цифрлық қолтаңба болса жеткілікті. Тіпті, ешқандай сканерден өткен құжаттың қажеті жоқ. Сапалы сервис маусымның соңғы онкүндігінде іске қосылған.
АҚПАРАТ
16 шілде 2018 г.
492
0
Астана қаласының – 20, Қызылорда қаласының 200 жылдығына орай Жалағаш ауданында ардагерлер арасында балық аулаудан жарыс өтті. Жыл сайын ұйымдастырылатын шарада алдыңғы толқын аға ұрпақ өкілдері қоғамнан тысқары қалмай, салауатты өмір салтын насихаттауға бастамашы болып келеді.
АҚПАРАТ
16 шілде 2018 г.
474
0
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Бақытбек Смағұл, Геннадий Шиповских, “Нұр Отан” партиясы облыстық филиалы қоғамдық қабылдау бөлімінің меңгерушісі Мақсұт Баекеев Қармақшы ауданында іссапармен болды. Халық қалаулылары алдымен Иіркөл ауылдық округіндегі «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынған №12 балабақшаға барды. Балабақша жұмысымен танысып, ауыл тұрғындарымен кездесті. Иіркөл ауылдық округінің әкімі Б. Қалдашбаев ауылда жүргізіліп отырған жұмыстар жайын баян етті.
АҚПАРАТ
14 шілде 2018 г.
638
0