Елбасының сарабдал саясаты арқылы мемлекетті басқарудың ұтымды үлгісі қалыптасты.Мемлекет басшысы «Қазақстан-2050» стратегиясында мемлекеттік қызмет көрсетуді еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіші екенін атап өтті.
АҚПАРАТ
29 шілде 2018 г.
487
0
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында руханиятқа, ғылым, білімге маңыз беруі ұлтымыздың кемелденуінің қозғаушы күші болып табылады. Әлемдік жаһандану заманында ұлттық болмысымыздан ажырап қалмау үшін ұлттық кодымызды сақтап қалудың маңызы зор. Елбасымыз Ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса ешқандай жаңғыру болмайтынын ескертті. Әлемде қанша ұлт болса, әрқайсысының өзінің ұлттық ерекшелігі байқалып тұрады. Сол сияқты біздің ұлтымыздың да өзін даралайтын ерекшелігі бар.
АҚПАРАТ
27 шілде 2018 г.
485
0
Бүгін «Қазақстанның үздік әлеуметтік жобалары» байқауының қорытындысы шығарылды. Бірінші орынды иелегенген жеңімпаздар «Белсенді ұзақ ғұмыр – Қазақстан таңдауы» жобасын таныстырды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
АҚПАРАТ
26 шілде 2018 г.
634
0
Биылғы жылдың ең басты спорттық жарысы деп жазғы Азия ойындарын айтуға болады. Төрт жылда бір өтетін аталмыш доданы биыл Индонезия астанасы – Джакарта қаласы қабылдайды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
АҚПАРАТ
26 шілде 2018 г.
597
0
Қазекем ит-құс деп атын атай бермейтін бөжек бұ күндері сыр бойының қыры мен сырын түгел жайлағандай. «Ойбүй, несін айтасың, ана жерде баспақты тартып кетіпті, мына жерде бес-алты қойды тамақтап кетіпті, жылқыға да шауыпты» деген соңы үрейге толы сыбыстар әйтеуір үзілмейді. Ызаланған қарулы жігіттер мылтығын сайланып шыққанымен қасқырыңыз көзге шалынбай күйдіреді. Олардың санын азайтудың бір амалы қақпан құру екен. Осыдан біраз жыл бұрын жөн білетін ересектер Қарақалпақ жақтан бір қақпаншы кісіні қолқалап әкеліп, ізге салғаны бар. Төбесінде көзі бар адам екен қақпан құрып, төрт күнде төрт қасқырды ұстады. Азуы алты құлаш көкжалды ауыл адамдары алыстан тамашалағанмен жанына жуый алмағаны да сол кез. Сонда қарт малшы Мырзан: «Кәрілігің жылдан-жылға еңсені төмен артып барады, бұрынғыдай бұ жыртқышыңның соңына түсе алмаймын-ау, жастар болмаса», деп бысын шайқап отырып алған-ды. Аузына құдай салғаны шығар, қолындағы кежесі Рүстем соңғы екі-үш жыл көлемінде жыртқыштарға қақпан құрып, айла-тәсілі мен өжеттігі жөнсіз ит-құсыңның талайын ауыздықтап жүр. (Қақпанға түскен қасқырдың аузына кергіш салып байлап қояды, соны ауыздықтады деп отырмыз. Н. Е.)
АҚПАРАТ
26 шілде 2018 г.
518
0
Кеше «Достық үйінде» облыстық ішкі саясат басқармасының дін мәселелерін зерттеу орталығы ұйымдастыруымен аймақтағы этно-мәдени және діни бірлестіктер арасында «Ұлтаралық және дінаралық келісім – бейбітшілік кепілі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
АҚПАРАТ
26 шілде 2018 г.
539
0
Сейсенбі күні өңірлік коммуникациялар қызметінде қала әкімінің орынбасары Берік Сәрменбаев, қалалық төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Ербол Әлішеров, қалалық жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары Руслан Шағырбай және ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің “ОӨАЖҚЖ”ММ басшысының міндетін атқарушы Мейрамбек Доспенбетовтің қатысуымен брифинг болды. Онда судағы қауіпсіздік жағдайы туралы мәселе талқыланды.
АҚПАРАТ
26 шілде 2018 г.
449
0
Ел Президенті Н.Ә.Назарбаев жариялаған бес институттық реформасының негізінде қабылданған «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының алғашқы 15 қадамы кәсіби мемлекеттік аппаратты құруға бағытталған.
АҚПАРАТ
26 шілде 2018 г.
624
0
2020 жылғы 1 қаңтардан бастап жеке тұлғалардың табыстарын декларациялау жүйесі енгізіледі және бұл ауқымды шара «100 нақты қадам Ұлт жоспарының» 42-қадамын жүзеге асыру аясында жүргізілуде.
АҚПАРАТ
25 шілде 2018 г.
473
0
Бекініс 1853 жылға дейін «Ақмешіт» аталып, орыс басқыншыларының келуімен генерал В.А.Перовскийдің құрметіне форт «Перовск» деп аталды. Ақмешіттің іргетасының қалану уақыты жөнінде екі түрлі пікір қалыптасқан.
АҚПАРАТ
24 шілде 2018 г.
1 100
0