Жаңа бизнес идеяны іске асыру мақсатында «Бизнестің жол картасы –2020» бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік гранттар ұсыну бойынша конкурс жарияланады.
Конкурсты ұйымдастырушы: «Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесі.
Мекен-жайы: Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Әйтеке би 28, 301 кабинет; электронды пошта: a.mukhitdinov@korda.gov.kz байланыс телефоны 8(7242) 40-10-59, 70-54-87.
Конкурстың нысанасы: «Бизнестің жол картасы – 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік гранттар шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлерге, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге, сондай-ақ әйелдерге, мүгедектерге және 50 жастан асқан тұлғаларға бағдарлама шеңберінде экономиканың басым секторларында (1-қосымшаға) және өңдеуші өнеркәсіп салаларында жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін (2-қосымшаға) өтеусіз және қайтарымсыз негізде беріледі.
Конкурс нысаны: ашық конкурс.
Конкурсқа қатысу шарттары:
Конкурсқа қатысу шарттары: конкурсқа жеке кәсіпкерлік немесе заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелген мерзімі мемлекеттік қолдау алу үшін өтініш берген уақытта кемінде үш жылды құрайтын қайта тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері қатысы алады.
Конкурсқа қатысу үшін өтінімдер тапсыру орны: Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Әйтеке би көшесі 28, 3 қабат, 301 кабинет; электронды пошта: a.mukhitdinov@korda.gov.kz; байланыс телефоны 8(7242)40-10-59,
70-54-87.
Конкурстық құжаттаманы ұсыну тәртібі;
конкурсқа қатысу үшін үміткерлер көрсетілген мекенжайы бойынша өзі, пошта немесе өзінің өкілетті өкілі арқылы бекітілген нысан бойынша өтінім мен конкурстық құжаттаманың толық пакетін ұсынады.
Бизнес жобаны іске асыруға шығындарды жеке қаражатын салу: ұсынылған грант көлемінен 10%-дан кем емес (11-қосымшаға).
Кәсіпкерлердің (жеке кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның құрылтайшысының (құрылтайшыларының) ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер үшін «Бизнес-кеңесші» экспресс-курстарында қысқа мерзімді оқудан өтуі конкурсқа қатысу үшін міндетті шарт болып табылады.
Жеке кәсіпкерлік субьектілеріне бірегейлігімен және жаңалығымен ерекшеленетін жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін өтеусіз және қайтарымсыз негізде мемлекеттік гранттар келесі мақсаттарда ұсынылады:
1.Негізгі құралдар мен материалдарды алу;
2.Материалдық емес активтер алу;
3.Технологиялар алу;
4.Франшизаға рұқсат алу;
5.Зерттеу жұмыстарына және/немесе жаңа технологияларды енгізуге байланысты шығыстар.
Көрсетілген қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге мемлекеттік қызмет көрсету үшін жүгінген кезде қажетті құжаттардың тізбесі:
1) гранттар беру жөніндегі конкурстық іріктеуге қатысуға өтінім;
2) заңды тұлғаны (дара кәсіпкерді) мемлекеттiк тiркеу туралы куәліктің көшірмесі;
3) салықтар, алымдар мен жарналар бойынша бюджетпен есеп айырысудың жай-күйі туралы анықтама;
4) өтінім берген кездегі жалдамалы жұмыскерлердің орташа саны туралы басшының қолымен және өтініш берушінің мөрімен расталған анықтама;
5) бизнес-жоба;
6) бағдарлама және «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасының шеңберінде кәсіпкердің оқудан өткенін растайтын құжаттың көшірмесі;
7) заңды тұлғалар үшін Жарғының (бар болса) көшірмесі;
8) қызмет түрінде лицензияның көшірмесі (қажет болса);
9) кәсіпкердің атынан өтінім беру құқығына сенімхат, сенім білдірілген адамның паспортының көшірмесі (заңды тұлғаның атынан-заңды).
Конкурстық құжаттаманы ұсыну мерзімдері: 2017 жылдың
23 ақпанынан бастап 2017 жылдың 10 наурызына дейін жұмыс күндері сағат 9-00-ден 13-00 дейін, 15-00 ден 19-00 дейін (жергілікті уақыт).
Өтінімдерді тапсыруды бастаған күні мен уақыты: 2017 жылдың
23 ақпанынан бастап сағат 09-00-ден (жергілікті уақыт).
Өтінімді тапсыруды аяқтау күні мен уақыты: 2017 жылдың
10 наурызы сағат 19-00-ге дейін (жергілікті уақыт).
Көрсетілген мерзім аяқталғаннан кейін келіп түскен өтінімдер қабылдауға жатпайды. Осы хабарландырумен және конкурстық құжаттамамен e-kyzylorda.gov.kz сайтында танысуға болады.
Қызылорда облысының
Кәсіпкерлік және туризм басқармасы.