РОЖДЕСТВО МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев  православие мерекесіне орай құттықтау жолдады.  «Құрметті отандастар! Сіздерді ұлы православие мерекесі – Рождество күнімен шын жүректен құттықтаймын», – делінген құттықтауда. – Біздің көпұлтты мемлекетімізде мұсылман мерекесі – Құрбан айт, Христиандық рождество, шығыстың Жаңа жылы және басқа да ұлттық діни мерекелер салтанатты түрде аталып өтеді. Бұл біздің тәуелсіз елімізді мекендеген көптеген этностардың арасындағы берік достықтың, толеранттықтың айқын дәлелі болып табылады.
Православиелік христиандық және ислам біздің мемлекетіміздегі негізгі діндердің бірі. Екі дін де адамгершілікке, еңбексүйгіштікке және төзімділікке шақырады. Рождество мерекесі күні бір-біріне сыйлық жасап, ізгілік, қайырымдылық үлгі-өнегесін тарату  дәстүрдің біріне айналған. Осынау қастерлі мереке күні Сіздерге ізгілік, мықты денсаулық пен бақыт тілеймін. Біздің елімізде әрдайым өзара түсіністік пен халықтар достығының рухы өшпесін!

АҚПАРАТ 07 қаңтар 2014 г. 1 168 0