Тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі

Көп жағдайларда халық арасынан өрт – бұл аяқ астынан туындайды, одан ешкім сақтандырылмаған деген сөздерді естуге болады. Бірақта бұл қате пікір, көп жағдайларда өрт адамдардың өрт қауіпсіздік ережелерін сақтамағандықтан орын алады. Тұрмыстағы өрттердің негізгі себептері – бұл ең алдымен ашық отпен ойнау, жататын орында темекі шегу, электр қондырғыларының ақауы, жылыту пештерін қолданғанда тұрғындардың өрт қауіпсіздік талаптарын орындамау салдарынан орын алады. Тұрмыстағы өрттердің алдын-алу үшін қарапайым ережелерді сақтаудың маңызы зор екенің ұмытпаныздар. 
Шылым шегуден және ашық оттан болатын өрттердің оңай алдын алуға болады. Төсекте жатып шылым шегуге болмайды, өйткені ұйықтап қалып, жанып жатқан темекіден төсек орын жанып, өрт шығу қаупі бар.
Пештің алдына, үстіне, пеш пен қабырғаның арасына жанғыш заттарды қоюға болмайды. Пешті ұзақ жағуға болмайды, өйткені қабырғалар тым қызғаннан жарықшақтар пайда болады, олардан, әсіресе шатырда, шоқтар шығып, оңай жанғыш заттарға түсіп, өрттің шығуына себепкер болады.
Пеш жағу маусымының алдында пешті және түтіндікті тексеріп, оларды жөндеп, күйеден тазалап, жарықшақтарды сылап, шатырдағы түтіндікті әктеу керек. Пештерді және түтіндіктерді жөндеуге және салуға мамандырылған адамдарды шақыру керек.
Жоғары қуатты электр қондырғыларды бір желіге қосуға жол бермеңіз, бұл электр желісінің қызуына әкеліп соқтырады.
Қолдан жасалған электр қыздырғыш қондырғыларын қолданбаңыз;
Үйден шығарда барлық газ және электр қондырғыларының өшкеніне көз жеткізіңіз.
Құрметті тұрғындар өрт қауіпсіздік ережелерін сақтатаңыздар – бұл өзіңіздің және сіздің жақындарыңыздың өмірінің кепілі екенін ұмытпаңыздар! Өз үйімізді өрттен сақтайық !
ҚО ТЖД  Өрт қауіпсіздігі cаласындағы
 бақылау және профилактикалық  қызмет басқармасы

АҚПАРАТ 17 ақпан 2017 г. 3 177 0