Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы үздік журналистік жұмыстарға байқау жариялайды.
Байқау, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтау және нығайтуға бағытталған.
Байқауға қатысу үшін 2017 жылғы 1 қаңтардан 1 маусымға дейін жарияланған немесе эфирге шыққан материалдар, сондай-ақ жарияланымдар циклдері қабылданады. Байқауға ұсынылатын жұмыстардың саны шектелмейді.
Материалдар казақ немесе орыс тілдерінде төмендегі номинациялар бойынша қабылданады:
-«Үздік телевизиялық жұмыс»;
-«Үздік баспа жарияланымы»;
-«Үздік интернет жарияланымы».
Байқау комиссиясы қатысушылардың материалдарын 2017 жылдың 1 маусымын қоса алғанға дейінгі мерзімдеқабылдайды. Байқаудың нәтижесі құжаттар қабылдау рәсімі аяқталғаннан кейін қорытындыланатын болады.
Байқаудың нәтижесін қорытындылау кезінде келесі аспектілер ескерілетін болады:
-материалдардың өзектілігі және көрсетілген тақырыпқа сәйкестігі;
-мәселені талдаудың жаңашылдығы мен тереңдігі, оның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға әсері;
-мазмұндау стилі;
-авторлық тұжырымдаманы беру мәнері және дербестігі.
Байқауға қатысу үшін материалдар келесі мекен-жай бойынша қабылданады: 010000, Астана қаласы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, , Абай даңғылы, 33а, 12-қабат,1205 кабинет, тел.: +7 (7172) 75-32-02, 75-34-08, сот: +77027437177, эл.пошта: d.duisebaev@kyzmet.gov.kz
Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру тақырыбындағы үздік журналисттік жұмыстарға байқау туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. Бұқаралық ақпарат құралдары (бұдан әрі – БАҚ) өкілдері үшінсыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыбындағыүздік журналисттік жұмыстарға байқау (бұдан әрі – Байқау) қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтау және нығайту мақсатында өткізіледі.
2. Жеңімпаздарды айқындау Байқау комиссиясының шешімімен жүзеге асырылады. Комиссияның құрамына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (ары қарай – Агенттік), басқа да мемлекеттік органдардың және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері кіреді.
2. Байқауға қатысу шарттары
3. Байқауға қатысуға республикалық және жергілікті деңгейдегі барлық БАҚ журналисттері шақырылады.
4. Байқауға қатысуға сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтауға және нығайтуға бағытталған материалдар (бағдарламалар, деректі фильмдер, студиялық жазбалар, мақалалар, сұхбаттар)қабылданады.
2017 жылғы 1 қаңтардан 1 маусымға дейін жарияланған немесе эфирге шыққан материалдар, сондай-ақ жарияланымдар мен бағдарламалар циклдері қабылданады.
5. Байқауға ұсынылатын жұмыстардың саны шектелмейді.
6. Байқау тақырыбына сәйкес емес және талаптарға сай келмейтін материалдар, ұсыну мерзімі аяқталғаннан кейін келіп түскен жұмыстар Байқауға жіберілмейді. Байқауға ұсынылған материалдар қайтарылып берілмейді.
3. Байқаудың өту кезеңдері
7. Байқау туралы хабарландыру.
Республикалық және жергілікті БАҚ-та мемлекеттік және орыс тілдерінде Байқауды өткізу туралы хабарландыру және оған қатысу шарттары жарияланады.
8. Байқау материалдарын қабылдау.
Жарияланымдар түпнұсқа немесе материалдардың ксерокөшірмесі түрінде (басылымның атауы, күні және автормен байланыс жасау мәліметтері толық көрсетіле отырып) ұсынылуы тиіс.
Дыбыстық-визуалды жұмыстар эфирлік анықтамамен бірге телевизиялық бағдарламаның көшірмесі түрінде (cd/dvd дискілерінде, flash-тасымалдаушыларында) ұсынылуы тиіс.
Ақпараттық агенттіктердің журналисттері жарияланған материалдардың көшірмесін интернет-сайтта орналастырылғанын растап жолдауы қажет.
Материалдар мемлекеттік немесе орыс тілдерінде қабылданады. Байқауға материалдарды қабылдаудың соңғы күні – ағымдағы жылғы 1 маусым.
Ұсынылатын материалдарға мыналар қоса беріледі: журналист туралы қысқаша өмірбаяндық ақпарат, 3х4 мөлшеріндегі фотосуреті, ақпараттық материалдар тізімі.
Байқау материалдары Министрліктің мекен-жайына 2017 жылғы 1 маусымға дейін келіп түседі.
9. Байқау материалдарын қарау.
Байқау материалдарын қарауды материалдарды қабылдау аяқталғаннан кейін байқау комиссиясы жүзеге асырады.
Байқау комиссия ұсынылған материалдарды келесі шарттар бойынша қарайды:
1) көрсетілген тақырыпқа сәйкестігі;
2)мәселені талдаудың тереңдігі және оның сыбайлас жемқорлыққа қарсы
мәдениетті қалыптастыруға әсері;
3)мазмұндау стилі;
4)авторлық тұжырымдаманың дербестігі.
10. Қорытындылау.
Жеңімпаздарды жариялау келесі номинациялар бойынша бірінші, екінші, үшінші орын алған үздік жұмыстарды анықтайтын Байқауды жалпы қорытындылау аясында іске асырылады:
1)Үздік телевизиялық жұмыс;
2)Үздік баспа жарияланымы;
3)Үздік интернет жарияланымы.
5. Байланыс ақпараты
010000, Астана қаласы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, Абай даңғылы, 33а, 12-қабат, 1205 кабинет, тел.: +7 (7172) 75-32-02, 75-34-08, сот: +77027437177, эл.пошта: d.duisebaev@kyzmet.gov.kz