Жаңажылдық мереке қарсаңында жол патрульді полиция қызметкерлері қала тұрғындарын құттықтады.
Жыл сайынғы дәстүрге айналған бұл шарада әкімшілік полиция қызметкерлері жол бойының тәртібін қадағалап қоймай, өздерінің сыйын жасады. Яғни, Аяз ата мен Ақшақардың киімін киінген, қызметкерлер көлік жүргізушілеріне әкімшілік хаттаманың орнына сыйлықтар сыйлады. Бұл жолғы сыйдан кішкене жаяу жүргіншілер де қалыс қалмады. Ақшақарлар оларды да құттықтап, «Жолдас көмекке асығады» атты мультфильм жазылған дисктерді сыйға тартты. Осылайша, жол патрульді полиция қызметкерлері мерейлі мерекеде Сыр жұртшылығына деген жылы лебіздерін ізгі істермен көрсете отырып, тұрғындардың қауіпсіздігін бақылады. Сондай-ақ, сақтықта қорлық жоқ екенін ескерген қызметкерлер көлік жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге кеңестерін де берді.
М.ОТАРАЛЫ.