Діни қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы

«Облыстық ішкі саясат басқармасы» мемлекеттмемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі №147 бұйрығымен бекітілген стандарттарға сәйкес діни қызмет саласында бірқатар мемлекеттік қызметтерді көрсетеді. Атап айтқанда:
1.«Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу»; 
2.«Діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайларды ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде орналастыруға келісу туралы шешім беру»;
3.«Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналасатын жерін бекіту туралы шешім беру».
Сондай-ақ, «Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің келісімі мен «Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің кеңсесі арқылы төмендегі мемлекеттік қызметтер көрсетіледі. Олар:
1.«Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешім беру»;
2.«Үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру».
Діни қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 қазандағы № 483-ІV Заңы негізінде нормативтік-құқықтық актілермен жүзеге асырылады.
Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегiн көрсетiледi.
Құжаттарды қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету нәтижесін ұсыну: қағаз түрінде.
Көрсетілген қызмет алушылар тарапынан аталған мемлекеттік қызмет көрсетуге сәйкес қандай да бір сұрақтар туындаса басқарма қызметкерлері әрдайым тиісті консультациялық көмек беруге дайын.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпаратты Қызылорда облысы әкімдігінің e-kyzylorda.gov.kz интернет ресурсынан немесе облыстық ішкі саясат басқармасынан (мекен-жайы: Сұлтан Бейбарыс көшесі нөмерсіз, облыстық мекемелер үйі, 308 кабинет 8 (7242) 605326 телефоны арқылы) алуға болады.
Е.РҮСТЕМОВ,
облыстық ішкі саясат басқарма
басшысының орынбасары

АҚПАРАТ 07 ақпан 2017 г. 2 536 0