« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |
Ел Президентінің 25.08.2014 жылғы №898 «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктердің ара-жігін ажырату жөніндегі шаралары туралы» Жарлығына сәйкес, облыс әкімінің 13.01.2015 жылғы №815 «Жергілікті басқарудың кейбір мәселелері туралы» қаулысымен «Қызылорда облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесі құрылғаны белгілі.
Аталған басқарма ветеринария саласындағы кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын жеке және заңды тұлғаларға ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 06.06.2015 жылғы № 7-1/418 «Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес екі мемлекеттік қызмет көрсетеді.
Атап айтқанда:
1. Ветеринария саласындағы қызметті лицензиялау - ҚР 16.05.2014 ж. № 202-V «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңына сәйкес;
2. Жануарларды өсіруді, жануарларды союға дайындауды (союды), сақтауды, өңдеуді және сатуды жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ, ветеринариялық препараттарды, жем және жемазық қоспаларын өндіру, сақтау және сату бойынша өндіріс объектілеріне тіркеу нөмірлерін беру – ҚР АШМ 23.01.2015 жылғы №7-1/37 бұйрығына сәйкес реттеледі.
Өткен жыл басынан «Жануарларды өсіруді, жануарларды союға дайындауды (союды), сақтауды, өңдеуді және сатуды жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ, ветеринариялық препараттарды, жем және жемазық қоспаларын өндіру, сақтау және сату бойынша өндіріс объектілеріне тіркеу нөмірлерін беру» мемлекеттік қызметі көрсету түрі бойынша 179 ветеринариялық-санитариялық бақылау объектілеріне есептік нөмір берілді. Ал, ветеринария саласындағы қызметті лицензиялау бойынша 2 лицензия рәсімделді.
Ветеринария саласының негiзгi мiндеттеріне жануарларды аурулардан қорғау және емдеумен қатар халықтың денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау, ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жатады. Сондай-ақ, ел аумағына басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелiнуi мен таралуынан қорғау, жеке және заңды тұлғалардың ветеринария саласындағы қызметтi жүзеге асыруы кезiнде қоршаған ортаны ластауының алдын алу және оны жою, ветеринария саласындағы мамандарды, ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру кіреді.
Ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметпен айланысатын жеке және заңды тұлғалардың қызметіне ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау жүргізу үшін шаруа қожалықтары мен өндіріс объектілеріне есептік нөмірлер және ветеринария саласындағы қызметпен айналысу үшін лицензия рәсімдеудің маңызы өте үлкен.« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |