– 1996-1998 жылдардағы ММСҚ-ның жұ¬мыс тәжірибесі біздің есімізде. Осындай жағ¬дай қазір де қайталанбайтынына кепілдік бар ма?
– Қоғамда жүзеге асырылатын кез келген өзгерістердің өз жағымды және жағымсыз жақтары бар.
1996-1998 жылдарғы сақтандыру меди¬ци¬на¬сын құру тәжірибесін сын көзбен ғана қа¬был¬дауға болмайды, оның сөзсіз жақсы жақтары бар.
Бұл реформаның ең басты нәтижесі экономикадан қосымша қаражатты тарту есебінен денсаулық сақтау жүйесі объектілерінің желісін және медициналық көмектің барлық ел халқына қолжетімділігін сақтау болып табылады.
Мысалы, осындай мамандандырылған ба¬дар¬ламаның болмауы балалар мектепке дейінгі мекемелерін жекешелендіруге әкеп соқты, оның салдары осы күнге дейін сезіледі.
Одан басқа, 90-жылдардағы экономикалық шындықтар ағымдағы жағдаймен салыстыруға келмейді.
20 жыл бұрын көптеген кәсіпорындар күр¬делі қаржылық қиыншылықтарға тап болғаны бәріміздің есімізде, олардың көбісі банкротқа ұшыраған, еңбекақы бойынша үлкен қарыздар жинаған. Экономикалық дағдарыс жаппай, оның ішінде медициналық сақтандыру қорына төлемеудің негізгі себебі болды.
Қордың жағдайы экономикалық белсенді емес халық үшін тұрақты -аударымдарды қам¬тамасыз етуге қаратылған жергілікті атқа¬ру¬шы органдардың да қиын жағдайға тап болғанына байланысты күшейе түсті.
Бүгінгі таңда біз экономикадағы жұмыспен қамтудың елеулі өсімін белгілейміз. ¬Отан¬дық кәсіпорындарда 6,5 млн-нан астам ¬жалдан¬ған жұмыскерлер еңбек етуде, ай ¬сайын жұмыс беру¬шілер Бірыңғай жинақтаушы зейнет¬ақы қорына 53 млрд теңге және өз жұмыскерлерінің пайдасына Әлеуметтік сақтандыру қорына 23 млрд теңге аударады. Белсенді емес халық үшін ӘлМСҚ-ға салымдарды төлеу бойынша міндеттемелерді мемлекет өз мойнына алатынын атап өткен жөн.
Осының барлығы, жалпы, енгізіліп отырған медициналық сақтандыру жүйесінің тұрақты қызмет етуінің алғышарттарын қалыптастырады.
– Елімізде істейтін шетелдіктерге, еңбек¬ші мигранттарға медициналық көмек қалай қамтамасыз етіледі?
– Қазақстан Республикасының «Міндетті әлеу¬¬меттік медициналық сақтандыру ¬туралы» заңының 2-бап 2-тармағына сәйкес, Қазақ¬стан Республикасының аумағында тұратын шет¬ел¬діктер және азаматтығы жоқ адамдар, сондай-ақ оралмандар, егер басқасы қолданыстағы заңмен көзделмесе, Қазақстан Рес¬публикасының азаматтарымен бірдей құқықтарды қолданады және міндетті әлеу¬меттік медициналық сақтан¬дыру жүйесінде мін¬деттемелерді атқарады. Еңбек¬ші мигранттарға медициналық көмек мем-лекет¬аралық келісімдер шеңберінде көрсетіледі. Егер мұндай келісімдер болмаса, онда еңбекші мигранттар ЕМС шеңберінде және ортаға қауіп төндіретін аурулар кезінде тегін медициналық көмек алады.