– Ертең барлық медициналық ұйымдар ӘлМСҚ-мен келісімшарт жасай алады ма?
– Бұндай кепілдікті ешкім бере алмайды. Мысалы, егер бір қалада кардиология бөлімшесі бар үш аурухана жұмыс істесе, онда Қор, біріншіден, қызметтерді сатып алудың минималды стандарттары мен талаптарына сәйкес келетін, және екіншіден, ең сапалы және жоғары технологиялық медициналық қызметтерді көрсететін, заманауи құрылғылары, жоғары санатты мамандары бар және пациенттерге үздік жағдай жасайтын медициналық ұйымды таңдауға құқылы. Осылайша, Қор осы өңірдегі медициналық көмек түрлеріндегі нақты сұраныстарға байланысты денсаулық сақтау объектілерінің желісін оңтайландыруды және шығындарды азайту және олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында медициналық ұйымдардың ішінде шеберлік-жоспарларды оңтайландыруды ынталандырады.
– Белгілі тұрғын орны жоқ адамдар (БТЖА) қандай медициналық көмекке сене алады?
– Егер бұл санаттың адамдары медициналық көмекке жүгінсе, онда олардың тарапынан Медициналық сақтандыру қорына ¬аударымдары жоқ болса, олар ТМККК шеңберіндегі медициналық көмекті алуға құқықтары бар.
2020 жылға дейін нәтижесіз жұмыспен қамтылған халық үшін бұл пакетке амбулаторлық-емханалық және амбулаторлық-дәрілік көмек кіретін болады.
– ММК-ке және ЖММК-ға баға белгілеу қаншалықты өзгереді?
– ММК мен ЖММК тарифтері, есептеудің халықаралық практикасын ескере отырып, клиникалық-шығын топтардың негізінде жетілдірілетін болады.
– Аудандарға жүгінетін болса, бекітілген халықтың тізімі (бұдан әрі – БХТ) рөл атқарады ма?
– Пациенттерді ағымдағы бекіту және босату ережелеріне сәйкес, пациенттер бекітілу орнын жылына екі рет ауыстыра алады. Егер пациент басқа өңірлерге жүгінсе, бірақ басқа өңірде бекітілген болса, онда оған тек шұғыл көмек қана көрсетіледі.
– ММ меншік нысаны бар медициналық ұйымдар қалай қаржы-ландырылады және шаруашылық жүргізу құқығына (ШЖҚ) ауысу қажеттілігі бар ма?
– Денсаулық сақтау субъектілерінен медициналық көмек көрсету бойынша қызметтерді сатып алу МӘлМС жүйесінде қор арқылы мына¬дай қағидаттардың негізінде жүзеге асырылады: табыстың тең¬герімділігі, медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету, денсаулық сақтау субъектілерінің теңдігі, адал бәсекелестік, меди¬циналық қызметтерді көрсетудің сапасы мен тиімділігі. Сонымен қатар, медициналық ұйымдардың ШЖҚ-ға ауысуы медициналық ұйымдарда басқару мен менеджменттің жаңа корпоративтік тәсілдерін енгізуді ынталандыруға көмектеседі (дербестікті дамыту).
– Егер жергілікті пациенттер өз қалауы бойынша Алматы қаласының медициналық ұйымдарын таңдаса, онда аудандық ауруханалармен не болады?
– МӘлМС жүйесі кезінде қолданыстағы медициналық ұйымдарды ерікті таңдау тетігі және «ақша пациенттің артынан жүреді» принципі сақталады. Бұл жағдайда, Алматы қаласында көмек көрсетілетін пациенттер үшін Қор, көмек көрсеткен медициналық ұйымға төлем жүргізеді. Сондай-ақ, ұсынылатын қызметтер көлемінің өзгерістеріне байланысты шарттың құнын көбейту немесе азайту тетігі қарастырылған. Аудандық ауруханалар тек осы мекемеде медициналық көмек алған сақтандырылғандарға ғана төлем алады.