100 сұрақ – 100 жауап

– Елімізде барлық халықтың бірыңғай деректер базасы бар ма?
– Ия бар. Бұл мемлекеттің жеке және заңды тұлғаларының деректер базасы. Сондай-ақ Бекітілген халық тізімі бар. Жоғарыда атап өтілген базалардағы деректердің негізінде МӘлМС жүйесі кезінде Сақтандырылған адамдар реестрі қалыптасады.
– МӘлМС енгізу кезінде жеке медицинаны дамыту мүмкін бе?
– 2016 жылға республикалық бюджет қаражатынан 246 жеке меншік нысанды медициналық ұйымдарымен шарт жасалған. МӘлМС енгізумен, бәсекелестік ортаны дамытуды ескере отырып, медициналық қызметтерді көрсетуге жеке медициналық ұйымның басым бөлігі қатысады деп болжаймыз.
– МӘлМС-тың қандай халықаралық тәжірибесі бар?
– Аралас сақтандыру моделін әлемнің 30 елі таңдады (Германия, Франция, Жапония, Корея, Шығыс Еуропа елдері). 
Мысалы, Чехияда денсаулық сақтауға жұмсалатын шығыстардың 80%-ы міндетті медициналық сақтандыруға жарналар есебінен өтеледі,  Франция¬да – 75%, Эстонияда – 72%, Германияда - 66% және т.б.
Жұмыс берушілердің МӘлМС-ке жарналар мөлшерлемесі Германияда 7,3%-ды, жұмыскерлер – 8,2%-ды құрайды, Словакияда, сәйкесінше, 10% және 4%, Литвада 3% және 6%.
МӘлМС енгізу Қазақстанға денсаулық сақтау шығыстарын 2017 жылы 28%-ға, 2018 жылы 54%-ға, 2019 жылы 58%-ға өтеуге мүмкіндік береді.    
– Қазіргі кезде көптеген мемлекеттік медициналық ұйымдар белсенді түрде бизнеспен айналысуда: медициналық қызметтердің басым бөлігі, әсіресе стационарлар ақшалай көрсетіледі. Бұл қызметтер ТМККК тізбесіне кірсе де, бақылау жоқ, халық төлеп жатыр, мемлекет керісінше ақшалай табыстарды мемлекеттік кәсіпорындарға ынталандырады. МӘлМС енгізу кезінде жағдай қалай өзгереді?
– ТМККК және МӘлМС шеңберіндегі қызметтер қазір де, МӘлМС енгізумен де ақылы негізде көрсетілмеуі тиіс. Барлық қажеттілік кепілдендіріліп, қамтамасыз етіледі. Алайда сұраныс ұсынысты туындатады. Азаматтар нақты медициналық сақтандыруға жарналар төлеумен МӘлМС жүйесіндегі медициналық қызметтер спектрі мен көлемінің бір мезгілде артатынын көргенде, ақылы қызметтерді тұтыну азаяды. «МӘлМС туралы» Заңның 7-бабына сәйкес сақтандыру пакетіне оның ішінде  амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді, жоғары технологиялық қызметтерді қоса алғанда, жоспарлы стационарлық көмек,  амбулаториялық-емханалық көмек кіретінің еске саламыз. 
Медициналық көмек түрлерін қайта бөлу МӘлМС шеңберінде экономикалық белсенді емесхалық үшін мемлекеттің жарна мөлшерлерін кезең бойынша арттыруды ескере отырып, ТМККК-дан ӘлМС-қа жүзеге асырылады.


АҚПАРАТ 19 қаңтар 2017 г. 2 332 0