100 сұрақ – 100 жауап

– МӘлМС енгізуге байланысты ерікті медициналық сақтандыру қалай жұмыс істейді?
– Ерікті медициналық сақтандыру (ЕМС) сақтандырылған адамның  МӘлМС жүйесімен көзделмеген медициналық күтімге жұмсалатын шығындарын толықтай немесе ішінара жабуға мүмкіндік береді. ЕМС полисі жеке тұлғаларға немесе ірі компаниялардың қызметкерлеріне олар өздері таңдаған кли¬никаларда тексеруден өтуге және сақтандыру компаниясының есебінен (сервистік қызметтер, күту парақтарының болмауы, МӘлМС-ға енбейтін қызметер – стоматология және т.б.) қызмет алуға  мүмкіндік береді. ЕМС рәсімдей отырып, азамат ерікті сақтандыру полисіне енгізілген қызметтер көлемін өзі таңдайтын болады.
– МӘлМС енгізумен медициналық көмектің сапасы артады ма?
– МӘлМС енгізумен медициналық қызметтер сапасы даусыз жақсарады. Бұл үшін іс-шаралардың мынадай кешені жүзеге асырылуда: 
- Сапа жөніндегі бірлескен комиссия құрылды; Сапаны басқару саласындағы функцияларды қайта бөлу, оның ішінде ҮЕҰ-дың қатысуын кеңейту; 
- Қор тарапынан көрсетілген қызметтерге сараптама жүргізу функциясын күшейту; 
- медициналық қызметтерді берушілер арасында одан әрі бәсекелестікті дамыту үшін жағдайларды қамта¬масыз ету, оның сапаны арттыруға себеп болары сөзсіз; 
- сапа индикаторларын Қор мен  медициналық қыз¬меттерді берушілердің арасындағы шарттарға қосу және оларды қаржыландыру деңгейлерімен үйлесімдеу және т.б.
– МӘлМС енгізу кадрлық мәселені шешуге кө¬мектеседі ме?
– МӘлМС енгізуді басқа реформаларды іске асыру кешенінде қарастыру қажет, оның ішінде, бұл медициналық ЖОО арқылы білікті кадрларды даярлау және практикалық медициналық жұмыскерлердің біліктілігін арттыру. 
Министрлік және өңірлердің денсаулық сақтау басқармалары медициналық көмек көрсетуді қамта¬масыз етеді, оның ішінде медициналық персоналды қамтамасыз ету, барлық халыққа білікті медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымдарды медици¬налық құралдармен жабдықтау.
Медициналық ұйымдар, әлеуетті жеткізушілер ретінде, белгіленген талаптарға сәйкес МӘлМС шеңберінде медициналық қызметтер көрсету бойынша конкурсқа қатысу үшін өз ұйымдарының дайындығы бойынша барлық шараларды қарастыруға тиіс.
– Жаңа тарифтік саясат өзін-өзі өтеушілік және медициналық ұйымдарды одан әрі дамыту үшін жағдайлар жасайды ма?  
– Ия, өйткені амортизациялық құрамдас бөлікті тарифтерге кезең бойынша қосу жоспарлануда. 
– Біздің ауылдық жерлердегі медициналық ұйымдар жаңа жүйенің енгізілуіне дайын ба?
– МӘлМС енгізумен ауылдық медицина деңгейінде түбегейлі өзгерістер күтілмейді. Құрылымдық өзгеріс¬тер шеңберінде барлық ауылдық медициналық ұйымдар, ӘлМСҚ үшін медициналық қызметтерді жеткізуші болып табылатын бір заңды тұлғаны ұсынады. Ауылдық медицинаның амбулаториялық-емханалық бөлімі белгі¬ленген КТС негізінде, стационарлық – КШТ қолдану арқылы қаржыландырылады.
– МӘлМС жүйесіне өту кезінде стационарлардың ауруларды қабылдау бөлмесі қалай қаржы¬лан¬дырылады?
– Ауруларды қабылдау бөлмесінің қызметтері, пациенттің келу уақытына және оның денсаулығы күйіне байланысты екі дәреже бойынша төленеді. Біріншісі, ауруларды қабылдау бөлмесінде көрсетілген қызметтерді сағат 3-ке дейін, екіншісі 24 сағатқа дейін орналасуға төлеуді көздейді. 
– Айтыңызшы, медициналық ұйымдарды жергілікті атқарушы органдар деңгейінде қаржы¬лан¬дыру сақталады ма және қандай бағыттар бойынша?
– ЖАО деңгейінде қоғамдық денсаулық және МӘлМС жүйесіне кірмейтін кейбір басқа да медициналық ұйымдарды қаржыландыру сақталады.
– Құралдарды сатып алу мен күрделі жөндеуге шығыстар қалайша өтеледі?
– Қазақстан Республикасының 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік денсаулық сақ¬тауды дамытуға арналған бағдарламасына сәйкес, ме-дициналық қызметтердің тарифтерге негізгі қаражатын жаңартуға шығыстарды кезең бойынша қосу жоспарлануда.

АҚПАРАТ 17 қаңтар 2017 г. 2 125 0