Өткен аптада Қызылорда ОІІД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы қызметкерлері жастар мен жасөспірімдер арасындағы нашақорлықтың және есірткі бизнесіне қарсы күрестің алдын алу мақсатында «Біз есірткісіз өмірді қалаймыз!» ұранымен облыстың барлық оқу орындары арасында командалық би сайысын өткізді.
Аталған сайысқа 127 команда қатысып, өз билерінің көркемдігімен жарқын болашақтың көрінісін бейнеледі.
Іс-шара барысында жоғары өнер көрсеткен ең үздік 69 команда бағалы сыйлықтармен марапатталып, қалған өнерлі топтарға ынталандыру сыйлықтары табыс етілді.
Айта кету керек, ағымдағы жылдың басынан бері Қызылорда ОІІД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы қызметкерлері осындай 11 сайыс ұйымдастырып, оған қатысқандар саны бес мыңға жуықтады.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі.