– Медициналық ұйымдар МӘлМС жағдайында медицина¬лық көмекті қалай ұсынады?
– Қор медициналық қызметтерді ТМККК шеңберінде сатып алған тәрізді МӘлМС шеңберінде де мемлекеттік және жеке клиникалардан конкурс негізінде сатып алады.
Конкурс екі кезеңде өтеді.
Бірінші кезеңде әрбір меди¬циналық ұйым қызметтерге өнім берушілердің Бірыңғай тізбесіне өзінің техникалық-экономикалық және медициналық мәліметтерін енгізеді. Ұсынылған мәліметтерге сәйкес, Қор олардың белгіленген ең төмен стандарттарының сәйкес¬тігіне баға береді. Оң нәтиже болған жағдайда медициналық ұйым конкурстың келесі кезеңіне өтеді. Екінші кезеңде көрсетілген қызмет көлеміне, оның құнына және өткен жылы көрсетілген қыз¬меттер санына Қор баға береді (орнатылған критерийлер). Егер медициналық ұйымның ресурстық қамтамасыз етілуі белгіленген ең төмен стандарттарға, ал көрсетілетін қызметтер белгіленген сапа критерийлеріне сәйкес келетін болса, онда медициналық ұйым әлеуетті жұмыс беруші ретінде таңдалады.
– МӘлМС жағдайында қандай медициналық көмек түрлері көрсетіледі?
– Медициналық қызметтердің екі пакеті болады.
Бірінші – елдің барлық азамат¬тары үшін мемлекет кепілдік беретін пакет. Оның ішінде: Же¬дел жәрдем және санитариялық авиация; әлеуметтік маңызы бар аурулар және жедел жағдайлар ке¬зіндегі медициналық көмек; профи¬лактикалық егулер; амбулаториялық-дәрілік қамтамасыз ету арқылы амбулаториялық-емханалық көмек (2020 жылға дейін).
Екінші пакет – Сақтандырылған азаматтар үшін МӘлМС жағ¬дай¬-ларында ұсынылатын медиц謬налық қызметтердің пакеті мыналарды қамтиды: амбула¬то¬рия¬лық-емханалық көмек: емханадағы емдеу; дәрігерлердің қабылдауы; зертханалық қызмет¬тер; диагностика және манипуляциялар; стационарлық көмек – жоспарлы тәртіпте ауруханаларда емдеу; стационар алмастырушы көмек – күндізгі стационарда ем қа¬былдау; жоғары технологиялық медициналық қызметтер – күрделі және бірегей медициналық техно¬логияларды пайдалану арқылы орындалатын медициналық кө¬мек; дәрімен қамтамасыз ету – амбулаториялық-емханалық көмек көрсету кезінде; мейіргерлік күтім – басынан кешкен аурудың салдарынан өз-өзіне қызмет көрсетуге мүмкіндігі жоқ, бөгде адам¬дардың тұрақты күтімін немесе қарауын қажет ететін адамдар; паллиативті көмек – емдеуге кел¬мейтін, өміріне қауіпті және ағымы ауыр аурулары бар пациенттердің өмір сүру сапасын адам үшін мүмкін болатын ең жоғары қолайлы деңгейде ұстап тұру.
– Медициналық ұйымдарға МӘлМС шеңберінде қызметтерге ақы төлеу тәртібі қандай?
– Бірыңғай ақпараттық жүйе арқылы келісімшарт жасаған барлық медициналық ұйымдар, көрсетілген қызметтері туралы ақпаратты Қорға күн сайын ұсынады. Көрсетілген қызметтердің көлемі мен сапасын сараптауды Қордың өңірлердегі аумақтық бөлімшелері жүргізеді. Ай сайын Қор аумақтық бөлімшелерден төлем қажеттілігін алады және оның негізінде медициналық ұйымдардың есебіне қаражатты аударуды жүзеге асырады. Қор, Бірыңғай ақпараттық жүйенің деректері негізінде, келешекте келісімшарттың іске асы¬руына әсерін тигізетін медици¬налық ұйымдардың рейтингін үнемі анықтайды.
– Медициналық жұмыскерлер үшін жалақы мөлшері артады ма?
– Міндетті түрде, медициналық жұмыскерлердің жалақылары артады. Елдің экономикасында медициналық жұмыскердің жалақысын кемінде орта деңгейге дейін кезең бойынша арттыру жоспарлануда. 2030 жылға дейін медицина жұмыскерінің (дәрігерлердің) жалақысы республика бойынша орта жалақыны 2 есе артуға тиіс. Осы барлық есептеулер даярланып қойған. Одан басқа, 2024 жылға дейін бірінше буынның және ауылдық денсаулық сақтау жұмыскерлердің жалақыларын арттыру көзделген.