– Жұмыскерлер жыл бойы МҰ-ға жүгінбесе, онда төленген салымдарды қайтару жұмыс берушілерге қарастырылған ба?
– Жоқ, қарастырылмаған. Жұмыскерлері жыл бойы МҰ-ға жүгінбеген жұмыс берушілердің төленген салымдары қайтарылмайды. Бұл әлеуметтік сақтандыру жүйесінің негізгі принциптеріне қарама-қарсы – жүйенің барлық қатысушыларының ортақтастығы және жүйенің барлық қатысушыларының теңдігі. Төленген қаражаттар, осы кезеңде медициналық қызметтерге жүгінген қолданушыларға медициналық көмекті төлеуге жұмсалады.
– Біздің кәсіпорында жеке ведомстволық ме¬ди¬циналық-санитариялық бөлім бар, онда біз кәсіп¬орын есебінен ем аламыз. Онда не үшін біз тағы ӘлМСҚ-ға жарналар төлейміз?
– Қолданыстағы «МӘлМС туралы» заңға сәкес ӘлМСҚ-ға аударымдар мен жарналарды енгізу бар¬лығына міндетті болып табылады және Сіз оны меди¬циналық әлеуметтік сақтандыру қорына уақытылы төлуге тиіссіз. Сіздің медициналық-санитариялық бө¬лім¬ге қатысты болса, онда ол қосымша ақша таба оты-рып, Қор өткізетін амбулаторлық-емханалық және стационарлық көмек көрсетуге арналған конкурсқа қатысуға құқығы бар.
Медициналық қызметкерлердің сұрақтары
– МӘлМС қалай жұмыс істейді?
– Қызметкер, жұмыс беруші, жеке кәсіпкер және мемлекет экономикалық белсенді емес тұрғындар үшін енгізген барлық жарналар мен аударымдар Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына (Қор) түсетін болады.
Қорға түсімдерді бақылау Мемлекеттік кіріс комитетіне бекітіледі, есеп «Үкімет азаматтар үшін» мемлекеттік корпорациясында сақ¬талады.
Қор медициналық ұйымдардан медициналық қыз¬меттердің бірыңғай стратегиялық сатып алушысы болып табылады. Сатып алу конкурстық негізде жүргі¬зіледі. Конкурс екі кезеңде өтеді.
Бірінші кезеңде, медициналық ұйымдардың ре¬сурс¬тық қамтамасыз етуін орнатылған мемлекеттік ми¬ни¬малды стандарттарға сәйкестігіне бағалауы жүргі¬зіледі (ғимараттар, медицина техникасы, кадрлар).
Оң баға беру жағдайында медициналық ұйым екінші кезеңге жіберіледі, онда көрсетілетін қызметтердің кө¬лемін, құнын және орнатылған критерийлер бойынша сапасын бағалау жүргізіледі.
Осылайша, тиісті ресурстық қамтамасыз етуі мен білікті көмек көрсететін тәжірибелі мамандары бар үздік мемлекеттік және жеке емханалар медициналық көмек көрсету мүмкіндіктеріне ие болады.
– Денсаулық сақтау жұмыскерлері сақтан¬ды¬рылған мәртебесін қалай анықтайды?
– Барлық медициналық ұйымдар ҚР сақтандырылған азаматтарының бірыңғай тізбесіне қолжетімділікке ие болады.
Азамат медициналық қызметкерге жүгінген кезде тек оның ЖСН енгізу және оның сақтандыру дәрежесін алуға тиіс.
Егер аударымдар енгізілген болса, онда өтініш білдірген азамат сақтандырушын ұсынатын қызмет-тердің барлық спектрін ала алады. Егер олай болмаса, онда тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көмек көрсетіледі (ТМККК).
– Медициналық ұйымдар МӘлМС енгізуден нені алады?
– Көрсетілген қызметтер көлемі үшін адекваттық қаржыландыру;
Медициналық персоналға еңбекақыны арттыру мүмкіндігі және қызмет нәтижелері бойынша еңбекақы төлеу жүйесін енгізу;
Тарифке амортизациялық аударымдарды енгізу есебінен медициналық техниканы жаңарту мүмкіндігі;
Жеке инвестицияларды, тәжірибелі отандық және шетел мамандарын тарту.