«Табиғатты сүйеміз, Қазақстанды сүйеміз»

Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 301-бабына сәй¬кес полигондарда көму үшін келесі қалдықтарды қабылдауға тыйым салынады: полигон жағдайында жарылатын, коррозиялы, қышқылданатын, өрт қаупі жоғары немесе өрт қаупі бар қауіпті қалдықтарды; пластмасса, пластика қалдықтарды, полиэтилентерефталат орамасы, полиэтилен қалдықтарды; құрамында сынап бар лампалар мен аспаптарды; шыны сынықтарды; түсті және қара металдар сынықтарды; литий, қорғасын-қышқыл батарерларды; ұйымдастыру техникасын және тағы басқа қалдықтар.
Алайда, жарамсыз күйге келген электрондық және электр жабдықтары (одан әрі - ЭЭЖ), құрамында құнды заттардан басқа қоршаған ортаны улайтын қауіпті зат¬тар мен қоспалары бар екендігіне қарамастан, пай¬дала¬нуға жарамсыз электр жабдықтары тұр¬мыстық қатты қалдықтарға арналған қоқыс контейнерлеріне тасталып келе¬ді. Мысалға, ЭЭЖ құрамында кадмий, сурьма, қорғасын, сынап сияқты қор¬шаған ортаға ғана емес, адам денсау¬лығына да әсер ететін қауіпті қос¬палар болуы мүмкін, адам ағзасына түскен кезден бастап, олар азғада көпке дейін қалып, бүйрек, өкпе, сүйек, қалқанша безде жиналып онкологиялық аурулар туғызады.
Сонымен қатар, лазерлік принтер¬лерде тонер ор¬¬на¬тылған. Тонердің химия¬лық құрамында: зерт¬теу нәтижелері бойынша көміртек полимерлері қос¬¬пасы, темір оксиді, қалайының орга¬никалық және бейорганикалық қос¬палары бас ауруын, жөтел, тем¬пера¬тураның көтерілуін тудырады.
Электрондық және электр жабдық¬тары қалдық¬тары түріне: тұрмыстық техника (теледидарлар, үн¬¬жаз¬балар, электр ойыншықтар, үтіктер, энер¬гия үнемдеуші шамдар, батарейкелер, фендер, то¬ңазытқыштар және т.б.), кеңсе техника (ком¬пьютерлер мен жабдықтар, ұялы телефондар, план¬¬шеттер, көшіру аппараттары, сканерлер, тонер¬лер және т.б.), құрамында сынап бар қалдықтар (лю¬минесцентті шамдар, энергия үнемдеуші шамдар, термометрлер және т.б.) жатады.
Қазіргі таңда, Қызылорда қала¬сы, «Мерей» ша¬ғын ауданында ор¬наласқан «Технодом» сауда желісі¬мен «электроқалдықтарды» жинауға ар¬налған эко¬бокстарды орнату бойынша «Табиғатты сүйеміз, Қа¬зақстанды сүйе¬міз» жобасы іске қосылды.
Акцияның негізгі мақсаты қала тұрғындарын қо¬қыстарды бөлек жинау тәжірибесіне қалыптастыру, сон¬дай-ақ қауіпті қалдықтарды, оның ішінде элек¬трондық және электр құралдарын жинаудың қолайлы механизмін айқындау және залалсыздандыру ар¬қылы қауіпсіз тәсілмен жою болып табылады.  

АҚПАРАТ 05 қаңтар 2017 г. 2 227 0