100 сұрақ – 100 жауап

Қазіргі таңда міндетті әлеуметтік медициналық сақтан¬дырудың міндеттері мен мақсаттарын халық арасында түсіндіру жұмыстары өзекті болып отыр. Осыған орай, тақырыптың маңыздылығын ескере отырып, басылым бетінде «100 сұрақ – 100 жауап» арнайы айдары ашылып, онда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға қатысты сұрақтарға жауап берілетін болады. 
– Жұмыс беруші өзінің МӘлМС-ке салымдарына бақы¬лауды жүзеге асыра алады ма?
– Иә, ай сайын Қор жұмыс¬керлеріңіздің пайдасында түсетін Сіздің жарналар туралы үзінді көшірмелерді ұсынады (Е-Gov порталы арқылы). Одан басқа, жұмыс беруші:
қоғамдық бақылау комиссиясы¬ның мүшесі – қызметтің айқын¬дылығын қамтамасыз ету;
кәсіптік қауымдастық мүшесі – стандарттарды қарау мен тарифтерді бекітуге қатысу;
бола тұра, әлеуметтік медицина¬лық сақтандыру қорының қызметін қоғамдық бақылауға қатыса алады.
– Тұрақты табысы жоқ мау¬сымдық қызметкерлер ӘлМСҚ-қа аударымдарды қалай жасайды?
– Маусымдық жұмысшылар үшін жарнаны табыс бар кезінде оның жұмыс берушісі төлейді, табыс жоқ кезеңде ол өз бетінше екін¬ші деңгейдегі банктер арқылы ӘлМСҚ-қа МЖА-ның 2%-ы көлемінде аударымдар енгізе алады.  
– Мен жұмыс беруші ретінде өз қызметкерлеріме медициналық ұйымды таңдай аламын ба?
– Жоқ, таңдай алмайсыз. МӘлМС кезінде медициналық қы第меттерді алу үшін жұмыскер меди¬циналық ұйымды өзі таңдайды.
Жұмыс берушінің медициналық ұйымдарды таңдауы ерікті медици¬налық сақтандыру кезінде жүзеге асырылады.    – Менің жұмыскерлерім ерік¬ті сақтандыру есебінен жеке меди¬циналық қомпаниядан қызмет алады. Тағы МӘлМС-ке төлеудің керегі неде?
– Жұмыс беруші өз жұмысшы¬ларына ерікті медициналық сақтандыруға (ЕМС) шарт жасайды, ол жұмыс берушінің аударымдар сомасымен шектелген медициналық көмектің белгілі бір көлемін алу¬ды көздейді. Бұдан артық ЕМС шеңберінде медициналық кө¬мек көрсетілмейді. Міндетті әлеуметтік сақтандыру көрсетілетін медициналық көмектің көлемі мен сомасын шектемейді.
Сонымен қатар, МӘлМС па¬ке¬ті¬не кірмейтін медициналық қыз¬меттердің тізбесі ЕМС шар¬тында атап айтылады. МӘлМС пакетіне кірмейтін жеке медициналық қыз¬меттердің түрі ЕМС арқылы төлене алады, мысалы: ересектерге арналған стоматология, зиянды өн¬дірістердің жұмысшыларына ар¬налған міндетті мерзімдік ме¬ди¬ци¬налық тексерулер, шипажай¬лық-курорттық ем, косметология және т.б.
Одан басқа, ЕМС жеке емханалар тарапынан көрсетілген қызметтерге жоғарлатылған шоттардың қатері бар, ол жұмыс берушілерге ақтал¬маған шығындар әкеледі. Сондай-ақ, ЕМС-та тапсырыс берушіде (қазіргі жағдайда – жұмыс берушіде) жет¬кізуші көрсететін медициналық көмектің сапасын бақылаудың тетігі жоқ. ММС жүйесінде Қор медициналық көмектің сапасын ба¬қылауды қамтамасыз етеді, сақ¬тандырылған азаматтардың құқық¬тары мен мүдделерін қорғайды.
– Жұмыс берушілер, салық¬тардан құтылып, жұмыскерлердің санын жасырмайды ма?
– Өкінішке орай, табысты және «көлеңкелі» жалақыны жасыру қатері, салықтан құтылу тәсілі ретінде кез келген экономикада бар. Бұл мәселені шешу үшін фискальдық органдар тарапынан әр¬түрлі күресу әдістері бар.
Біріншіден, жұмыскер медициналық ұйымға электрондық жүйе арқылы жүгінген кезде жұмыс бе¬рушінің (2017 жылдан бастап)және жұмыскердің өзінің (2019 жылдан бастап) салымдары, ол үшін қаншалықты уақытылы ауда¬рылғаны салыстырылыды. Солайша жұмыскер жұмыс берушіден келген түсімдерді бақылай алады. 
Екіншіден, салық қызметінің органдары ӘлМСҚ-қа салымдар туралы декларация қабылдайды, олардың негізінде қарыздарды ба¬қылау және өндіріп алу жүзеге асырылады.
Бүгінгі таңда біз экономикадағы жұмыспен қамтудың елеулі өсімін белгілейтінімізді атап өту керек. Отандық кәсіпорындарда 6,5 млн-нан астам жалданған жұмыскерлер еңбек етуде, ай сайын жұмыс берушілер Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына 53 млрд теңге және өз жұмыскерлерінің пайдасына Әлеуметтік сақтандыру қорына 23 млрд теңге аударады. Белсенді емес халық үшін ӘлМСҚ-а салымдарды төлеу бойынша міндеттемелерді мемлекет өз мойнына алатынын атап өткен жөн. Осының барлығы, жалпы, енгізіліп отыр¬ған медициналық сақтандыру жүйесінің тұрақты қызмет етуінің алғышарттарын қалыптастырады.

АҚПАРАТ 05 қаңтар 2017 г. 2 327 0