100 сұрақ - 100 жауап

– Біз ММС бойынша ЭКҰ-ға сүйене аламыз ба? Егер ия болса, онда неден бастау керек?
– Бұл процедура, мемлекет кепілдендірген медициналық қызметтер пакетінде қалады (ТМККК). Сондықтан процедураны кезек тәртібінде өтуге болады (квота), қазіргі таңда бұл қызметті МӘлМС пакетіне қосу мәселесі қарастырылуда.
– Мысалы, егер адам апатқа ұшы¬раса, оған шұғыл көмек көрсету үшін жарақаттанушыда медициналық сақ¬тан¬дыру бар ма екендігін анықтау керек пе?
– Жоқ, керек емес, өйткені шұғыл көмек барлық азаматтарға, МӘлМС-ке қатысуға тәуелсіз көрсетіледі.
– Неліктен мен жұмыс беруші ретінде МӘлМС жүйесіне қатысуым керек?
– Пайда болған қаржылық дағдарыс жағдайында әрбір кәсіпорын үшін шығындарды қысқарту мәселесі бірінші орынға шығады. Бұл қиын кездерден өту үшін басшыларға барлығын, бірінші орында жұмыс күшін үнемдеуге тура келеді. Дегенмен, персоналды қысқарта отырып, қалған жұмыскерлердің мойнына артылған ерекше жүк проблемасы туралы әрбіреуі ойлай бермейді. Басшыға пер-сонал¬дың өзара орын басу жүйесін үне쬬¬деуге тура келгенде, кез келген жұмыс¬¬-шының ауруы кәсіпорын үшін одан да күрделі салдарға әкеп соғады. Осындай жағдайларда қызметкерлердің денсаулығы туралы ойламау зиянды болады. Өз жұмысшыларының проблема¬ларын шеше отырып, басшы бірінші орында өз бизнесі туралы уайымдайды. Мәселе тек қызметкерлердің денсаулық проблемасын қалайша оңтайлы шешуде болып тұр. Сақтандыру медицинасы Сіз¬дің жұмыскерлеріңізге, олардың табыс¬та¬рына тәуелсіз барлық медицина¬лық көмек көлемін, оның ішінде жоспар¬лық стационарлық көмек пен дәрілік қамтамасыз ету және жоғары мамандан¬дырылған медициналық қызметтерді, оңалтулық қолдауды, консультациялық-диагностикалық көмекті, мейіргерлік күтім және паллиативтік көмек алуға мүмкіндік береді. Мысалы, егер бүгін Сіздің жұмыскеріңіз қатты ауырып қалса, ол қымбат ем алуға мұтаж және ұзақ науқастық демалыс алуға мәжбүр. Медициналық қызметке ақы төлеу үшін жеткілікті жеке қаражаты болмай ол өз жұмыс берушісіне және кәсіпорын ұжымына материалдық көмекке жүгінеді, ол барлық тараптардың маңызды материалдық шығындарына әкеп соғады. Әлеуметтік медициналық сақтандыру жағдайында науқас жұмыскерді емдеу, күту және оңалту бойынша шығыстарды медициналық сақтандыру қоры өз мойнына алады.
Одан басқа, жұмыс берушілер мен жұ¬мыскерлердің жарналары, бірінші орын¬да денсаулық сақтау жүйесі¬нің бі¬рін¬ші буынын кеңейтуге, госпитализа¬циялау жағдайларын азайту мақсатында ауру¬лардың алдын алуға, сәйкесінше тиімді амбулаторлық-емханалық көмек есебінен жұмыс уақытын жоғалтуды азайтуға бағытталған.
Сонымен қатар, бүгін еңбек нарығында жұмыс берушілердің бір бөлігі ғана өз жұмыскерлеріне толық әлеуметтік пакетті, оның ішінде медициналық сақтан-дыру¬ды ұсына алады, оны біліктілігі жоғары мамандарды тартуға басым¬дылық ретінде қолданады. МӘлМС енгізу арқылы аталған әлеуметтік пакет еңбек нарығының барлық қатысушыларына қолжетімді және әмбебап артықшылық болады, ол кадрлық мәселелерді шешуді жеңілдетеді. Мысалы, экономикасы дамыған, еңбек өндірісі жоғары деңгейлі елдерде (Фран¬ция, Германия, Корея, Жапония) міндетті медициналық сақтандыру үлгісіне артық¬шылық танытты. Өйткені бұл үлгі шығын¬дарды азайту, өнімнің өсуі және кәсіп¬орынның табысын арттыру арқылы бизнес үшін даусыз экономикалық пайда¬ны қамтамасыз етеді.
Медициналық сақтандыруды енгізу¬дің негізгі пайдасы жұмыскерлердің уа-қыт¬ша жұмысқа жарамсыздығына бай¬ла¬нысты өндірістегі шығындарды азай¬ту. Осылайша, жыл сайын 2,6 млн-нан астам қызметкер уақытша еңбекке жарамсыздығына байла¬ныс¬ты еңбекке жарамсыздық парағын рәсім¬дейді. Егер күн сайын орта есеппен әрбір қызметкер 12,6 мың теңгеге өнім (немесе қызмет көрсетуді) шығаратын, онда жұмыс беру¬шілердің жыл сайынғы шығыны шамамен 370 млрд теңгені құрайды. Ең жақсы клиникаларда уақытылы профилак¬тикалық қарап-тексеруден өту, сапалы ем және қымбат тұратын арнайы көмек қабыл¬дау жұмыс істейтін азаматтардың денсау¬лығын сақтауға, олардың уақытша еңбекке жарамсыздық күндерін қысқартуға және осының нәтижесінде жұмыс берушінің шығындарын  азайтуға мүмкіндік береді.


АҚПАРАТ 03 желтоксан 2016 г. 2 529 0