Сейсенбіде облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың қатысуымен облыстық мәслихаттың кезектен тыс 23 сессиясы өтті. Онда 2013-2015 жылдарға арналған облыстық бюджетке өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды.
Облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы Сәуле Құлымбетова ауыл шаруашылығы саласы мамандарын әлеуметтік қолдау үшін атқарушы органдарға берілетін бюджеттік кредиттер бағдарламасына жоспарланған қаржыға тоқталды. Сонымен қатар кәсіпкерлік және туризм басқармасының бюджеттік бағдарламасына "Бизнестің жол картасы-2020” шеңберінде шағын және орта бизнеске кредиттерді ішінара кепілдендіру бойынша қаралған қаржы кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға ауыстырылды.
Мәслихат депутаттары өзгерістерді мақұлдап, шешім қабылданды.
Гүлжазира ЖАЛҒАСОВА.