«ЖАС ҒАЛЫМ - 2016»

               ІТ технологиясы бойынша жобалар байқауының 
ЕРЕЖЕСІ
І.  Жалпы ережелер
1. Жастардың ғылыми-зерттеу қызметін ынталандыру, ой еңбегiнiң беделiн арттыру мақсатында Кызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы, «Жас ғалымдар альянсы» қоғамдық бірлестігі ІТ технологиясы бойынша арнайы және кәсіптік колледж оқушылары арасында ғылыми жобалар байқауын (бұдан әрі – Байқау) өткiзедi. 
2. Байқаудың негiзгi мақсаттары мен мiндеттерi:
1) оқушылардың ғылыми-зерттеу қызметін ынталандыру;
2) ой еңбегiнiң беделiн арттыру;
3) ең талантты және дарынды жас зерттеушiлердi iрiктеу және оларға қолдау көрсету;
4) Қызылорда облысы мен Қазақстан Республикасының ғылыми-интеллектуалдық (зияткерлік) әлеуетiн қалыптастыруға ықпал ету болып табылады.
3. Байқаудың өткізілу кезеңдері:
1) бiрiншi кезеңде  - әрбір оқу орынның өзінде жобалар іріктеліп, ұсынылады.  
2) екiншi  кезеңде -  ғылыми жоба комиссия құрамы алдында қорғалады.
ІІ. Ғылыми жобаға қатысушылар
1. Ғылыми жобаның бірінші кезеңіне оқушылардың ғылыми қоғамдарының немесе ғылыми жетекшiлерінiң ұсынуымен арнайы және кәсіптік колледж оқушылары қатыса алады. Зерттеу жұмысын екi оқушыдан артық орындауға болмайды.
Жарысқа қатысу үшін оқушылар ІТ технологиясы бойынша ғылыми жобаларын ұсына алады.
Қатысу өтініштері ғылыми жобалар жарысының ұйымдастыру комитетіне электронды түрде 2016 жылғы 30 қарашаға дейін zhas_galym@mail.ru электрондық поштасына жолдануы тиіс. Көрсетілген мерзімнен кейін берілген өтініштер қабылданбайды. Ғылыми жоба  2016 жылғы 6 желтоқсанда сағат 10.00-де Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі (Қызылорда қаласы, К.Байсейітова, №82) ғимаратында өткізіледі. 
ІІІ. Ғылыми жобаның сараптау комиссиясы
1.  Сараптау комиссиясының құрамына ғылымның ІТ технологиясы бойынша кемінде екі ғалым (маман) кiредi. Сараптау комиссияның құрамы ғылыми жобаларды ұйымдастыратын ұйымның бұйрығымен бекiтiледi.
ІV.  Ғылыми жобаға ұсынылатын зерттеу жұмыстарын ресімдеуге қойылатын талаптар
1. Ғылыми жобаға:
1) ғылымның осы саласындағы фактiлерді, оқиғаларды, құбылыстары жария ететін және бұрын танылмаған жекелеген қырларын;
2) әлеуметтiк-экономикалық проблемаларды шешуге бағытталған экономикалық-заңды негiзделген компьютерлiк модельдер және жобалар ұсынылуы мүмкін.
2. Зерттеу жұмыстарын ресiмдеуге қойылатын талаптар: 
жобаның атауы;
жобаның тематикалық бағыты;
жобаның жүзеге асырылуы орны;
жобаның мақсаты мен міндеттері;
жобаның өзектілігі;
әлеуметтік-экономикалық тиімділігі;
техникалық сипаттамалары мен технологиялардың баяндауы;
зияткерлік меншік жөніндегі ақпарат (бар болған жағдайда).
Бар болған жағдайда зияткерлік меншік құқығын растайтын құжаттар (патенттер, сертификаттар және т.б.), мінездеме, пікір, жобаға қатысты хаттамалар, БАҚ-та, ғылыми мекемелер және мемлекеттік органдар ресми сайттарында  жарияланған ақпараттарға сілтемелер (бар болған жағдайда) Portable Document Format форматында сканерленген түрде осы өтінімге қоса тіркеледі. 
Жобаның ендірілген тәжірибелі үлгісі бар болған жағдайда эскиз, сызба, нұсқама, суреттер, видео (3 минуттан аспайтын, бар болған жағдайда), график, есептеме, тестілеудің есебі (акт және хаттама) және т.б. қоса тіркеу қажет.
Жобалар Ұйымдастырушыға хабарландыруда көрсетілген мерзімінен кешіктірілмей ұсынылуы тиіс. Байқау тақырыптарына сай келмейтін және уақытынан кейін жіберілген материалдар Байқауға жіберілмейді. 
V.  Жеңiмпаздарды  марапаттау
Жоба жеңiмпаздарын комиссиясының шешімі негiзiнде Кызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы, «Жас ғалымдар альянсы» қоғамдық бірлестігі тарапынан бірінші дәрежелі, екінші және үшінші дәрежелi дипломдармен және алғыс хаттармен марапатталады. 
VІ. Ғылыми жобаға  қатысушылардың қауіпсіздігі
Ғылыми жобаға  қатысушы оқушымен бірге жетекшісі болуы қажет. Ғылыми жобаға  келіп-кету, жолда жүру қауіпсіздігіне жетекшісі жауапты.
VІІ. Іссапар шығыны
Шараға қатысушылардың барып-келу жол шығындары қатысушы тараптан шешілуі тиіс.
Қатысу үшін тіркелу нысаны
(электронды түрде, сканерленген түрі қабылданбайды)
ОқушыОқу орны телефоны, е'mailТақырыбыСыныбыЖетекші
Қосымша ақпаратты 8 777 283 89 38, 8 707 280 88 02 «Жас ғалымдар альянсы» қоғамдық бірлестігі алуға болады. Е-mail: zhas_galym@mail.ru 

АҚПАРАТ 25 қараша 2016 г. 1 008 0