«Жұмысшы мамандығының үздіктері»
облыстық байқауын өткізудің
ӘДІСТЕМЕЛІГІ
1. Жалпы ереже
1. Осы әдістемелік облыстық «Жұмысшы мамандығының үздіктері» байқауын (әрі қарай - байқау) ұйымдастыру мен өткізу тәртібін реттейді және жастардың жұмысшы мамандығына деген оң көзқарасын қалыптастыру мақсатында жұмысшы мамандығының үздіктері, өндіріс жұмысшыларын анықтауға мүмкіндік береді.
Байқау «Жалпыға ортақ еңбек қоғамы» идеясы аясында жұмысшы мамандығы¬ның мәртебесін көтеру, еңбек өнімділігін арттыру, жұмысшы кәсіптерін танымал етуге бағытталған.
Жұмысшы мамандығы – адамның күші жұмсалатын еңбекпен тікелей байла¬нысты бастауыш және орта кәсіби білім беретін мекемелерде берілетін білім, еңбек дағдыларының жинағы болып табылатын белгілі бір еңбек түрі.
2. Байқауды өткізудің мақсаты:
1) мемлекет басшысының «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламалық мақаласының тиімді жүзеге асуын қамтамасыз ету, еңбек өнімділігін барынша арттыру;
2) қоғамда жұмысшы мамандығының иегерлері туралы позитивті көзқарас қалыптастыру, жастар арасында жұмысшы мамандығының мәртебесін көтеру;
3) әрбір жұмысшыға аймақ дамуына қосып отырған өзіндік үлесі туралы ой қалыптастыру.
3. Байқауға 5 жылдан кем емес жұмыс өтілдері бар, мара¬паттары бар, өз¬дері¬нің жауапкершілігімен, еңбексүй¬гіш¬тігімен ерекшеленген кәсіпорындар мен мекеме¬лердің, ұйым¬дардың (жекеменшік түріне қарамастан) кез келген жұмыс¬шылары қатыса алады.
4. Байқаудың өткізілуі туралы ақпарат барлық қалалық, аудандық бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануы тиіс.
5. Байқау 7 номинациядан тұрады:
1). «Мал шаруашылығының үздігі» номинациясы (сиыршы, түйекеш, қойшы, жылқышы т.б.);
2). «Үздік механизатор» номинациясы;
3). «Үздік құрылысшы» номинациясы (сылақшы, тас қалаушы, сырлаушы, өруші, ағаш ұстасы, бетоншы, дәне¬керлеуші);
4). «Мұнай саласының үздік бұрғылаушысы» номина¬циясы;
5). «Үздік аспазшы» номинациясы;
6). «Үздік электрик» номинациясы;
7). «Үздік тепловоз-машинист» номинациясы.
6. Байқау екі кезеңнен тұрады:
1 кезең қалалық, аудандық деңгейде өткізіледі: аудандар мен Қызылорда қаласының үздік мамандары, жұмыскерлері қатыса алады. 1 кезеңнің өткізілу мерзімі үстіміздегі жылдың 16 қараша – 1 желтоқсан аралығы.
2 кезең аудандар мен Қызылорда қалалық деңгейден өткен жеңімпаздар ара¬сында облыстық деңгейде өткізіледі. Өткізу мерзімі үстіміздегі жылдың 2-7 желтоқсан аралығы. Облыстық деңгейдің жеңімпаздарын салтанатты түрде марапаттау Қызылорда қаласында өткізіледі.
1) Аудандар мен қалалық комиссиялар 2 желтоқсанға дейін 7 номинация бойынша аудандар мен қалалық байқаудың жеңімпаздары туралы толық құжаттар жинағын жеңімпаз туралы бейнероликпен қоса 2-желтоқсанға дейін Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқар¬масына жолдайды.
2) Облыстық жұмысшы тобы құжаттарды қарайды және облыстық комиссияға ұсынады, комиссия 7 желтоқсанға дейін жеңімпаздарды анықтайды.
2. Байқау комиссиясы
8. Байқауды қалалық, аудандық деңгейде ұйымдастыру үшін аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдерінің орынбасарларының төрағалығымен жұмысшы тобы құрылады. Жұмысшы тобы байқауға үміткерлердің тиісті толық құжаттарын жинақтайды, ұсынылған құжаттардың сапалылығы, толық болуы үшін жауапты болады.
9. Аудандық, қалалық деңгейдегі байқаудың жеңімпаздарын анықтау үшін жер¬гілікті атқарушы органдар жанынан байқау комиссиясы құрылады (әрі қарай аудандық, қалалық комиссия) және облыстық деңгейдегі жеңімпаздарды анықтау үшін Қызылорда облысының әкімдігі жанынан облыстық комиссия (әрі қарай облыстық комиссия) құрылады. Облыстық комиссия облыстық байқаудың кезеңін өткізу және құжаттарды қарау үшін сыртқы эксперттерді тартуға құқылы.
10. Облыстық комиссия құрамына облыстың беделді, құрметті азаматтары, келісім бойынша кәсіподақ бірлестіктерінің және облыстық кәсіпкерлер палатасының өкілдері кіруі мүмкін.
Қалалық, аудандық комиссиялар аудандар мен Қызылорда қалалық әкімдік¬тері¬нің номинацияларға тиісті бөлімдерінің қызметкерлерінен, келісім бойынша кәсіподақ бірлестіктерінің және кәсіпкерлер палатасының өкілдерінен құралуы тиіс. Облыстық, қалалық, аудандық комиссиялар құрамынан төраға мен хатшы сайланады.
11. Комиссиялар төрағасы оның қызметі мен жалпы қадаға¬лауды жүзеге асы¬рады. Комиссиямен шешім қабылдау барысында даулы сұрақтар туындаған жағдайда комиссия төрағасының даусы шешуші болып табылады.
12. Хатшы комиссияның шешім қабылдауына қатысады және комиссия қызметін техникалық қажеттіліктермен қамтамасыз етеді:
1) байқауға қатысушылардың құжаттарын қабылдау;
2) комиссия отырысын ұйымдастыру;
3) комиссия отырысының хаттамасын рәсімдеу және бай¬қау қорытындысымен байқау жеңімпаздарына құжаттарды қалыптастыру;
4) байқау жеңімпаздары туралы құжаттарды облыстық комис¬сияға жолдайды.
13. комиссия шешімі ашық дауыс берумен қабылданады және хаттамамен рәсім¬деледі.
14. Байқауға қатысу үшін өтініш 17 қарашадан бастап қабыл¬данады.
15. Облыстық комиссия дауыс беру нәтижесі бойынша ұсынылған құжаттардың толықтығы мен сапалылығын есепке ала отырып, жеңімпаздарды анықтайды.
3. Облыстық, қалалық, аудандық байқауларға ұсынылатын құжаттар
16. Байқауға қатысу үшін келесі құжаттар ұсынылады.
1) номинацияны көрсетіп, байқауға қатысу жөнінде 1 қосым¬шаға сәйкес толты¬рылған өтініш;
2) жеке куәліктің көшірмесі;
3) номинация тақырыбы бойынша 3 минуттан аспайтын бейнеролик (жұмыс орны мен дағдыларын қоса көрсету);
4) еңбек кітапшасының және жұмыс берушімен бекітілген жұмыс өтілін рас¬тайтын басқа да құжаттардың көшірмесі/ жұмыс орнынан анықтама;
5) жұмыс берушімен немесе кәсіподақпен берілген кепілдеме;
Бар болған жағдайда келесі құжаттардың көшірмесі:
мемлекеттік немесе ведомстволық марапат, грамоталар, алғыс хаттар
біліктілігін арттыру туралы сертификаттар (болған жағдайда).
Байқауға құжаттар мемлекеттік немесе орыс тілдерінде қабылданады.
«Жұмысшы мамандығының үздігі»
байқауын өткізу бойынша әдістемелікке
1 қосымша
1Қатысушы таңдаған номинация атауы
2Қатысушының аты-жөні,
3Қатысушының атқаратын қызметі
4Туған күні, айы, жылы
5Тұрақты мекен жайы (телефон, факс, сайт)
6Байланыс телефоны
7Өтініш берген күні