100 сұрақ – 100 жауап

100 сұрақ – 100 жауап
Медициналық сақтандыруды енгізу бойынша қандай елдер бізге үлгі болады және нәтижесінде Германия немесе Корея сияқты медицина бізде де болады ма?
– Тек елдердің тәжірибесі ғана емес, сол елдердегі әлеуметтік сақтандыру жүйесін дамыту үрдістері де, сондай-ақ қателіктері де зерделенді.
Мысалы, Францияда бірінші жылдары жарналарды төлеу ауртпалығы жұмыс беру¬шілер мен жұмыскерлер арасында бөлінген, барлық шығыс¬тардың 50%-ы экономикалық белсенді емес халыққа жүргізілетіні анық¬тал¬ғанда мемлекеттік бюджеттен аударымдар көлемі артылды.
Германияда медициналық ұйымдарды қаржыландырылатын мыңнан астам аурухана¬лық касса¬лар қызмет еткен. Кассалардың осындай саны, аурулардың қатерлері болған кезде әртүрлі жарналар деңгейлері бар жүйенің қатысушылары арасындағы қаражатты қайта бөлуге жол бермеді. Осыған байланысты, Германия ауруханалық кассаларды ірілендіре бастады, нәтижесінде олардың саны, бірыңғай қорды құрудың одан арғы үрдістерімен 100-ге дейін қысқартылды. 
2014 жылдан бастан АҚШ президент Обаманың бастамасы бойынша меди¬циналық қызметтердің қымбат болуы себебінен барлық халық тобына меди¬циналық көмектің қолжетімділігі қамтамасыз етілмеген жинақтаушы медициналық сақтандыру жүйесінің орнына, Affordable Care Act, немесе халықта Obamacare аталып кеткен заңы негізінде жалпыға қолжетімді меди¬циналық сақтандырудың әмбебап жүйесі енгізілді. АҚШ-тың денсаулық сақтау реформасының басты элементі АҚШ азаматтарының, егер олар сақтандырылған болмаса, медициналық сақтандыру міндетін енгізу болып табылады. Сонымен қатар, ауқатсыздарға субсидиялар көзделеді. Реформа сондай-ақ полисі бар азаматтардың медициналық сақтандыру жағдайын жақсартуға арналған. Осылайша, заң жобасына сәйкес 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс берушілер және оларды сақтандырушылар жұмысшыларға медициналық сақтандыру ұсынудан бас тарта алмайды немесе оларға сақтандыру жарналарын көбейте алмайды, егер еңбек шарты басталмас бұрын жұмысшының ауыр созылмалы ауруы расталған болса (мысалы, ЖИТС, қатерлі ісік және т.б.)
– Зиянды жағдайларда жұмыс істей¬тіндер үшін салымдар төлеген кезде қандай да бір жеңілдіктер болады ма?
– Зиянды жағдайларда жұмыс істейтіндер үшін салымдар төлеген кезде жеңілдіктер қарастырылмаған. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заң барлық жұмыс істейтін халық үшін жарналардың бірыңғай көлемін орнатты. Қорға төлеуге жататын жұмыскерлердің жарналары: 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап – жарналарды есептеу объектісінің 1 пайызы; 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап – жарналарды есептеу объектісінің 2 пайызы көлемінде орнатылады.
– Медициналық сақтандыру қорында экономикалық ахуалдың төмендеу жағдайына резервтерді қалыптастырудың дағдарысқа қарсы сценарийі бар ма?
– Экономикалық жағдайдың қиындай түсуі кезінде Қор ағымдағы қаржы жылынан екі жыл бұрынғы экономика бойынша орташа айлық жалақыдан экономикалық белсенді емес халық үшін мемлекет аударған жарналарды қарастыратын контрциклдік шараларды қолданады. Дағдарыс кезеңдерінде бұл, жұмыс берушілерге қарағанда, бюджетке неғұрлым жоғары деңгейлі жарналарды қамтамасыз етеді және Қор активтерінің 3%-на дейінгі көлемде резервтерді қалыптастырылатын резервтерін қолданады.
– Міндетті медициналық сақтандыру қорының қаражатын әртүрлі қатерлерден, бірінші орында инфляциядан қорғау қарастырылған ба?
– Біріншіден, «ұзын ақшасы» бар және сақтауды қамтамасыз етуді талап ететін басқа әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қарағанда, әлеуметтік сақтандыру қорында қаражаттар жиналмайды, олар күнделікті медициналық ұйымдар көрсететін қызметтерді төлеуге бағытталады.
Екіншіден, медициналық қызметтер бағасының өсуі дағдарысты қамтитын өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамтыған халықтың табысынан жүзеге асырылатын жарналармен өтелетін болады.
– Мен МӘлМС шеңберінде көрсетілген қызметтер бойынша ақпаратты қадағалай аламын ба?  
– Электрондық денсаулық сақтау жүйесі базасында әрбір сақтандырылған азаматқа логин және құпиясөз арқылы жеке кабинетке қолжетімділік ашық болады, онда көрсетілген медициналық қызметтер, олардың құны туралы ақпаратты қадағалауға болады, сондай-ақ ол жерде емделу барысы, диагностика, анализ нәтижелері және т.б. туралы мәлімет орналасады.

АҚПАРАТ 24 қараша 2016 г. 756 0