«100 нақты қадам» Ұлт жоспары мен сот саласындағы тың өзгерістер

«100 нақты қадам» Ұлт жоспары мен сот саласындағы тың өзгерістерБүгінгі күні «100 нақты қадам» Ұлт жоспары мемлекетті алға бастырудың, Қазақстан халқының тыныш өмір сүруі үшін тиімді жолдарының бірі екенін дәлелдеп отыр. Себебі экономикалық, саяси өмірдегі өзгерістер тек заңдарға ғана бағынады. 
«100 нақты қадам» Ұлт жоспарының авторы  Елбасымыз Н.Назарбаев: «Судьялардың тәуелсіздігі - мақсат емес, олардың азаматтық және кәсіби парыздарын лайықты атқару құралы. Кімде–кім мұны түсінбесе судьяның мәртебелі атағын алып жүруге құқығы жоқ. Реформа жасағанда елімізде сот жүйесін, жалпы құқық қорғау жүйесін түземесек, көздеген мақсатымызға жете алмаймыз.  Біздің азаматтар барлық мәселелерін сот жүйесінде шешуі керек» деп қадап көрсетті. Қазіргі таңда сот жүйесін терең реформалау  арқылы судьялардың  халық алдындағы беделін арттырып, сотта адамның құқығы мен бостандығының сенімді кепіл етудін барлық заңдық мүмкіндіктері жасалып отыр.
Сот билігіне өкілеттігі аясында  мемлекет атынан әрекет ету құқығы берілген.  Қандайда бір азаматтар тарапынан құқық бұзушылық,  кез келген шешімдер мен мемлекеттік органдар лауазымына қарамай Конституциямен, заңдармен көзделген құқықтарға, бостандықтарына, заңды мүдделерге нұқсан келтірсе, ондай іс-әрекеттерден сот арқылы қорғану кепілдігі берілген. Соңғы уақытта істердің көбеюінен және азаматтардың арыз-шағымдарының  сотта көптеп қаралуынан сот жүйесіне деген халық сенімінің  арта түскенін байқаймыз. 
Өткенге көз салсақ, 1995 жылғы 30 тамызда қа¬былданған Қазақстан Республикасының Конституциясы судьялардың тәуелсіздігін қамтамасыз етудің қажетті кепілдіктерінің болуын қарастырды. Төрелік соттар жүйе¬сі таратылып, олардың  қызметтері жалпы юрисдикция соттарына берілді.
Ал Қазақстан Республикасы Прези¬дентінің «Қазақстан Республикасындағы соттар мен судьялардың мәртебесі тура¬лы» Конституциялық заң күші бар Жар¬лығы соттар қызметінің негізгі қағида¬ла¬рын, соның ішінде судьялардың құқық¬тық және әлеуметтік кепілдіктерін ай¬қындап берді. Бұл Жарлық еліміздегі сот жүйесін реформалау мәселесіндегі көп жылғы еңбектің негізгісі болды.
Бұл құжатпен: судьяны құрметтемегені үшін жауапкершілік енгізу, судьяларға ешкімнің тиіспеуі, судьялардың өкілеттіктерін тоқтата тұрудың және тоқтатудың негіз¬де¬рін орнықтыру, судьяның тәртіптік жауапкершілікке тартылу жағдайларынан басқа кезде мәні бойынша қаралған немесе өндірісінде тұрған істер бойынша қандай да бір түсініктеме беруге міндетті еместігі, судьяға соттан тыс функциялар мен міндеттерді жүктеуге тыйым салу қарастырылды.  Судьялардың заң жүзінде осындай мәртебеге ие болуы олардың тәуелсіздігін нығайтып, беделін бекітті. Азаматтардың жергілікті мемлекеттік басқару органдарының, кез-келген шенеуніктердің, қоғамдық бірлес¬тіктер мен лауазымды тұлғалардың заңға қайшы шешімдері мен іс-әрекеттерін сотта даулауға бет бұруы – сотқа деген сенімнің өсуін көрсетті. Жергілікті сот судьяларын ел Президентінің тағайын¬дауы, Жоғарғы Соттың судьяларын Пар¬ламент Сенатының сайлауы енгізілді. Та¬рихта алғаш рет судьялар тұрақты мер¬зім¬ге тағайындалды, бұл олардың тәуел¬сіз¬дігін анағұрлым күшейтті. Сонымен қатар, әділетті де бұлжымас сот шешімдерін шығаратын білікті, тәуелсіз судьялар корпусын қалыптастыру тетігі жасалды.
Айтылғандарға  сай,  «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы» Конституциялық заңының талабына сай сот төрелігі Республикамыздың барлық аумақтарында түгелдей дерлік сапалы атқарылуда. 
Республика аумағында  үш сатылы сот жүйесін енгізу - адамның,  қоғамның және мемлекеттің заңды мүддесінің неғұрлым жедел әрі сапалы қорғалуына оң әсерін тигізуде. Сондықтан сот сатыларының азаюы апелляциялық сатының ролін күшейтуге негіз берді. Қазіргі уақытта апелляциялық саты істерді үш судьядан тұратын алқа құрамымен қарауда. Осы орайда, барлық  істер бірдей судьялардың алқалық тәртібімен қаралады деуге болмайды. Мысалы: қысқартылған тәртіптегі,  қылмыстық теріс қылық бойынша, онша ауыр емес қылмыстар және сот үкімін орындау мәселелеріне қатысты істерді судьялар бұрынғысынша жеке қарап отыр. Ал қалған істер судьялардың алқалық құрамымен қаралуда. 
Жоғары Сотта істерді қарау тәртібі, шағымдар мен мен өтініштерді алдын-ала қарау жүйесі қатаң регламенттелген. 
Азаматтық істер бойынша айтатын болсақ, жеңілдетілген  және бұйрық арқылы іс жүргізу нысанындағы істер апелляциялық сатыда өзінің нақты шешімін табуда. Нәтижесінде апелляциялық сатының маңыздылығы мен жауапкершілігі  артты. 
Түптеп келгенде негізгі мақсат – азаматтарды әуре-сарсаңға салмай, сот сатыларын мейлінше азайту, сот төрелігін қолжетімді ету, іс бойынша сот шешімін жедел қабылдап, сот әділдігін орнату.  Бұл бір сөзбен айтқанда, сот сатыларын оңтайландыру – сот төрелігінің сапасын арттырудың негізгі жолы болып табылады.  
Аталған  Жоспардың 20 қадамында: «Барлық сот процестеріне аудио-бейнетіркеу шараларын міндетті түрде енгізу мазмұндалған. Судьялардың аудио-бейнетіркеуді тоқтатуға немесе оның материалдарын редакциялауға мүмкіндігі болмауға тиіс»- деп атап көрсетілген. Қысқасы сот ісін жүргізуде ақпараттық технологияларды қолдану міндеттелген. Сондықтан  жергілікті соттардың сот төрелігін заң талаптарына  сәйкес атқаруына  Жоғарғы Сот пен облыстық сот тарапынан толық жағдай жасалған. 
«100 нақты қадам» Ұлт жоспарының негізгі бағыты – заң үстемдігін қамтамасыз ету болғандықтан, айтылғандардың бәрі соттарға үлкен жауапкершілік жүктейтіні анық.
Шолпан МАЛИКОВА, 
Қызылорда облыстық сотының судьясы 
АҚПАРАТ 17 қараша 2016 г. 1 361 0