« Маусым 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | ||||||
2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 |
23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 |
30 |
Жасы ұлғайған қарттарға қамқорлық жасау кейінгі буынның бұлжымас борышы десек, бұл қазақтың ежелден қанына сіңген ізгі қасиет.
Жақында облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейілбек Шаухаманов бастаған кеңес мүшелері жүз жасаған әзиз әже Назира Аймағанбетованың шаңырағында болды. Сырдария ауданының Абай ауылында өмірге келген ғасыр құрдасы бұл күндері немересі Қуанышкүл Ибадуллаеваның қолында екен. – Қызым балаша әлпештеп бағып отыр. Өміріме ризамын, – деп ағынан жарылған кейуананың құлағының аздап мүкісі болмаса, сөзі ширақ.
Қаршадайынан еңбекке араласқан Назира әже соғыс жылдары тылда ерен еңбек еткен жан. Масақ теріп, алғы шептегі жауынгерлерге жылы қолғап, шұлық тоқыған. Сөйтіп, Ұлы Жеңіске лайықты үлес қосқандардың бірі. Бүгінде немере, шөберені айтпағанда, қос шөпшегін сүйіп отырған қарияға сый-сияпат жасалды. Қарт ана келгендерге аналық ақ батасын берді.
Бұдан соң кеңес мүшелері кезінде «Мұсылман әйелдер» қоғамдық бірлестігінің төрайымы қызметін атқарған ардагер ұстаз Ақжамал Қожаназароваға сәлемдесті. Осыдан 85 жыл бұрын Қазалы ауданының Ашабай арығы елді мекеніндегі ұста отбасында дүниеге келген Ақжамал апайдың ғибратты ғұмыры мұғалім, тәрбиеші болудан басталып, әрі қоғамдық-саяси қызметтерге ұласқан. Әр жылдары Қазалы аудандық атқару комитетінде бөлім меңгерушісі, орта мектептерде партия ұйымының хатшысы, облыстық мәслихаттың депутаты болған. 1975-1988 жылдары облыс орталығындағы №253 қазақ орта мектебінің директоры болып қызмет атқарған ұстаз ана зейнетке шыққаннан кейін де қоғамдық жұмыстан қол үзбей, Қазақстан әйелдерінің ІІ құрылтайына делегат болып қатысты. Қажылық парызын өтеген ардагер ұстаз күні кешеге дейін қоғамдық жұмыстарға белсене атсалысқан.
Жағдайын сұрап, өзіне сый-сияпат көрсеткендерге шын жүректен алғыс айтқан ұстаз ананың өмірлік серігі, соғыс және еңбек ардагері Жанияз Шалболов ақ батасын берді.
« Маусым 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | ||||||
2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 |
23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 |
30 |