« Маусым 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | ||||||
2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 |
23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 |
30 |
Өңірлік коммуникациялар орталығында өткен брифингте Жаңақорған аудандық білім бөлімі басшысының орынбасары Мейрхан Оспанов, Қармақшы аудандық білім бөлімінің басшысы Бауыржан Дүйсенбаев және Сырдария аудандық білім бөлімінің бас маманы Жанар Қойшыбаева білім бөлімімен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер жайлы баяндады.
Жаңақорған ауданы бойынша қазіргі таңда білім бөлімі мен білім беру ұйымдары арқылы 23 мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Бөлім арқылы тұрғындар арасында мектепке дейінгі балалар ұйымдарына кезекке қою, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына, банктерге, ішкі істер органдарына кәмелетке толмаған балалардың мүлкіне иелік ету және кәмелетке толмаған балаларға мұра рәсімдеу үшін анықтамалар беру қызметтері көп сұралады. Ағымдағы жылдың тоғыз айында білім бөлімі арқылы 3415 қызмет көрсетілсе, білім беру ұйымдары арқылы бұл көрсеткіш 7517-ні құрады. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша мерзім бұзушылықтарға жол берілмеген.
Қармақшы ауданы бойынша үстіміздегі жылдың тоғыз айында аудандық білім бөлімімен көрсетілген мемлекеттік қызметтің жалпы саны 13202 болса, өткен жылдың осы кезеңінде бұл көрсеткіш 10406 болған. Яғни, ұсынылған қызмет саны 26,9 пайызға артқан. Сондай-ақ, есепті мерзімде қызмет берушінің кеңсесі арқылы «Бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке қою» бойынша 15 қызмет жүзеге асырылған. Алдағы уақытта аз қамтылған отбасылардағы балалардың қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау мен жолдама беру, жетім немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау қызметін қарау жоспарлануда.
Сырдария аудандық білім бөлімі үстіміздегі жылдың тоғыз айында 23 мемлекеттік қызмет бойынша 13031 мемлекеттік қызмет көрсеткен. Ал былтыр есепті мерзімде бұл көрсеткіш 15297-ні құраған. Яғни, көрсетілген қызмет биыл 15 пайызға кеміген. Брифингте бөлімнің бас маманы Жанар Қойшыбаева осыған байланысты түсіндірме жасады.
« Маусым 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | ||||||
2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 |
23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 |
30 |