« Маусым 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | ||||||
2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 |
23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 |
30 |
Ауылдық жерлерде жеке қосалқы шаруашылықтарды көбейтіп, ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту бағытында «Нұр Отан» партиясы ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігімен «Ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту» жобасын іске асыру жөнінде меморандумға отырған болатын.
Бүгінде аймақты жобаға сай төмендетілген мөлшерлемемен шағын несие алып, шаруашылықпен айналысушылардың саны артып келеді. Әсіресе төрт түлік мал өсіріп, оның тұқымын асылдандыруға, сондай-ақ бордақылауға ниеттенгендердің қатары қалың.
Жоба арқылы несие алып, кәсібін дөңгелетіп отырған азаматтардың бірі Сырдария ауданы, Бесарық ауылдық округінің тұрғыны Асылхан Жұмахан. Мал бордақылау үшін 4 млн теңге несие алған ол болашақта кәсібін кеңейтуді жоспарлап отыр.
– Мен жобаның тиімділігін естіп, жылдам құжат жинауға кірістім. Бар жоғы бір ай мерзімде несие алып, 16 бас жылқы сатып алдым. Қазір барлығы да етке жарамды күйде. Бұл ауыл тұрғындарының сұранысын толық қанағаттандырады. Болашақта мал санын арттырып, қала халқын да етпен қамтамасыз етеміз, – дейді кәсіпкер.
Ауыл тұрғыны Зухра Ақпанбетова да мал шаруашылығымен айналысады. Тірлігін азын аулақ ұсақ малдан бастаған шаруаның қорасы қазір ірі қарамен толыққан.
Ол жоба аясында «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Қызылорда филиалы арқылы 2 млн теңге несие алып, 8 бас жылқы сатып алған.
– Жобаның арқасында отбасымызды асырап отырмыз. Алдағы уақытта шаруашылықты кеңейтіп ауылдастарымды жұмыспен қамтысам деген ойым бар. Шалғайдағы халықтың қамын ойлаған «Нұр Отан» партиясына алғысымды білдіргім келеді, – деді Зухра.
Бесарық ауылы тұрғындарының берекелі ісімен танысқан нұротандықтар осылайша «Ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту» партиялық жобасының жемісін бақылап, қызмет түрлерін онан әрі жетілдіру бағытында ұсыныстарын жеткізді.
Жалпы осы жоба аясында облыста 920 млн теңге қаржы қаралған. Оған 304 мал бордақылау алаңы, 2 сүт қабылдау және 2 мал сою пунктін салу көзделген.
« Маусым 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | ||||||
2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 |
23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 |
30 |