« Маусым 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | ||||||
2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 |
23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 |
30 |
Өңірлік коммуникациялар орталығында өткен брифингте облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Жұлдызай Айтжанова басқарма тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлері туралы айтып берді.
Аталған
басқармада барлығы тоғыз мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі.
Ағымдағы жылдың тоғыз айында 1190 мемлекеттік қызмет көрсетілген. Оның ішінде халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы 92 қызмет көрсетілсе, 546-сы электронды үкімет порталы арқылы, қалған 552-сі қағаз жүзінде көрсетілген.
– Мемлекеттік қызметтерді «бір терезе» қағидатымен Халыққа қызмет көрсету орталығы және онлайн-режимінде «электронды үкімет» порталы арқылы көрсету үлесінің жылдан жылға артуы, қызмет көрсету бизнес- процестерінің жетілдірілуі мен әкімшілік кедергілердің оңайландырылуы аталған саладағы тиімділік көрсеткіштерінің артуына септігін тигізуде,–дейді Ж.Айтжанова.
Мәселен, «ІІ, ІІІ және ІV санат объектілері үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсаттар беру» мемлекеттік қызметі бойынша 212 табиғат пайдаланушыға рұқсат құжаттары, «Ағаш кесу және орман билетін беру» бойынша 212 адамға қызмет көрсетілген. Осы орайда басқарма басшысының орынбасары тұрғындар тарапынан ағаш кесудің едәуір төмендегенін айтты. Оның негізгі себебі тұрғын үйлердің газға қосылуы.
Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру бойынша есепті мерзімде 315 қызмет көрсетіліп, оның 68-і аң аулауға рұқсат алса, 247 қызмет балық аулауға берілген.
«Қоршаған ортаға эмиссия үшін» мемлекеттік қызметінен облыстық бюджетке 23 млн теңге, «Облыстың жергілікті атқарушы органдарының жануарлар дүниесін пайдаланушыларға аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және учаскелерін бекітіп беру мен аңшылық және балық шаруашылықтарының қажеттіліктері үшін сервитуттарды белгілеу жөнінде шешімдер қабылдау» бойынша республикалық бюджеттің кіріс көзіне 120 млн теңге қаржы түсірілген.
« Маусым 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | ||||||
2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 |
23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 |
30 |