БЕРЕРІ КӨП БАСТАМА

Бүгінгі таңда даму мүмкіндігі шектеулі балалар санының көбеюі, денсаулық сақтау, білім, әлеуметтік қорғау саласының алаңдатушылығын туындатуда. Бұл мәселе біздің елімізде күн тәртібінде тұр. ЕҚБ бала тәрбиелеп отырған отбасы ерекше қамқорлықты қажет ететіні анық. Дамуында ауытқушылығы бар баланы тәрбиелеуші ата-аналарға рухани демеу жасау үшін «Шапағат» мүгедек балаларды сауықтандыру орталығында тағылымды шара өткізілді. «Қызмет» жобасы аясында ұйымдастырылған бұл ерекше қажеттілігі бар балалардың ата-аналарына, баланың психикасын дамытуға арналған  психологиялық  семинар-тренингте дәрігер невропатолог К.Кәрібаева, логопед А.Аймұратова, әлеуметтік педагог А.Боранбаева және ата-аналар белсене қатысты.  
Семинарда психолог Жұлдызай Дәлиева мүмкіндігі шектеулі балалардың психологиялық-педагогикалық түзелуіне қатысты өз пікірін білдірді. 
Сондай-ақ «Отбасы ойыны», «Үй жануарлары», «Саусақтың пайдасы», «Сүйіспеншілік», «Құрметтеу» тақырыбындағы сайыстар көңілді әсер қалдырды. Семинарды орталық президенті Шынаркүл Жеңсікбаева қорытындылады. 
Жұмабек ТАБЫНБАЕВ.
Қазалы ауданы.

АҚПАРАТ 21 желтоксан 2013 г. 886 0