АРНАЙЫ ҚЫЗМЕТТІ ЖЕТІЛДІРУ ҚАЖЕТ

Жуырда Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментінде «ҚР ІІМ ҚАЖ мекемелерінде арнайы есепке алу қызметтерінің жұмысының ұйымдастырылуы» тақырыбында семинар-кеңес өткізілді.
Семинарға барлық облыстағы ҚАЖ департаменттері және түзеу мекемелері арнайы есеп бөлімінің қызметкерлері қатысты. 
Аталған семинар-кеңесте арнайы есеп бөлімдерінің жұмыстары бойынша атқарылатын жұмыстар мәселесі көтеріліп, ҚР ІІМ 2012 жылғы №551 және 2013 жылғы №565 бұйрықтарына өзгеріс енгізу үшін ұсыныстар айтылды.
Сотталғандарды ШТМББ, КҚ, жаза мерзімінің өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл түріне ауыстыру жұмыстары, түзеу мекемелерінде құжаттандыруды жүргізу жайында айтылды. Жеке ісі бойынша анықтаманы ҚР ІІМ ҚАЖК 2012 жылғы №551 нұсқаулығына сәйкес толтыру, босатылғандар бойынша таңдап алған мекен-жайы туралы деректердің нақты болуы, Президент Әкімшілігіне жолданатын кешірім жасау туралы өтінішіне сәйкес жинақталған іс-құжаттарды сапалы дайындау, ҚР ҚІЖК 153-бабына сәйкес, қамауда ұстау мерзімдерін сақтау мәселесі де назардан тыс қалған жоқ.  
Арнайы есеп бөлімінің қызметкерлері өз ұсыныстары мен жұмыс нәтижесін жақсарту мақсатында ой-пікірлерін ортаға салды. 
С.РАБАЕВА, 
ЗК-169/1 мекемесі Арнайы есепке алу бөлімінің бастығы. 

АҚПАРАТ 21 желтоксан 2013 г. 978 0