Өнімді каталогтау жүйесі

Өнімді каталогтау жүйесі отандық өнімдерді өндірушілер мен сипаттамасы туралы ақпаратпен техникалық реттеу субьектілерін қамтамасыз ету мақсатында құрылды.

Өнімді каталогтау жүйесін жүргізудің негізгі міндеттері:

- Қазақстан Республикасында өндірілетін өнімдер туралы, олардың негізгі сипаттамалары, өнімді өндірушілер, қолданылытын нормативтік құжаттар туралы мүдделі мемлекеттік органдарды, заңды және жеке тұлғаларды ақпаратпен қамтамасыз ету;

- шығарылытын өнімді есепке алу және жаңа өнімнің қажеттілігін айқындау;

- өнімнің рационалды номенклатураларын белгілеу және оны жобалауға мемлекеттік шығынды қысқарту, тұтыну және техникалық қызмет көрсету;

- Қазақстан Республикасында шығарылатын өнімнің каталогтарын жаңалау және қалыптастыру.

 

Өнімді каталогтау жүйесіне тіркеуге жатпайтындар:

1) өнімнің тәжірибелі үлгілері (тәжірибелі партиялар), өнімнің бекітілетін сериялары;

2) дара өнім өндіру; авторлық құқық обьектілері, сувенирлер, өнімнің қосалқы бөліктері.

 

Өнім өндірушілер өнімді каталогтау жүйесіне тіркеуге жататын, шығарылған (шығарылатын) өнім туралы ақпаратты уәкілетті органға өнімнің каталогтық парақшасына қазақ тілінде және орыс тілінде және қағаз және электронды түрде береді. Қазахстан Республикасының аумағында шығарылатын өнім туралы ақпаратты өнімді каталогтау парақшасында ҚР СТ 1.11 формасына сәйкес ұсынады. Уәкілетті орган каталог парақшасын алған күннен бастап 10 күн жұмыс уақытында: каталог парағының дұрыс толтырылғанын және онда берілген мәліметтердің дұрыстығын тексереді, қателіктер жоқ болғанда шығарылатын өнім туралы ақпаратты каталогтау парағында көрсетілген өндірушінің электрондық мекен жайына өнімнің каталогының парағына тіркелгені туралы және регистрациялық номерін көрсетіп хабарлама жібереді, егерде каталогтау жүйесіне толық емес, немесе дұрыс емес мәлімет берілсе, мотивацияланған хат түрінде тіркеуден бас тарту туралы хабарлама жібереді.

Толық ақпарат керек болған жағдайда «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК-ның Қызылорда филиалы мамандарына жолығуға болады, мекен жайы; Қызылорда қаласы, Журба көшесі,12, тел: 40-03-11, е-mail: k-orda_kazinst@mail.ru.

 


АҚПАРАТ 07 маусым 2016 г. 903 0