ТІЛ ТІЛЕКШІСІ

ТІЛ ТІЛЕКШІСІЕл Тәуелсіздігі мерекесіне орай ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Тіл комитетінің ұйымдастыруымен Алматыда мемлекеттік тілді жоғары деңгейде меңгерген өзге ұлт жастарын анықтау және ынталандыру мақсатында республикалық байқау өткізілген болатын. «Тіл–халық жанын танудың кілті» атты байқауда жерлесіміз Жаңақорған ауданындағы №169 орта мектептің 9-сынып оқушысы Анастасия Балясникова жүлделі бірінші орынға ие болды. Қазақ тілінің айбынын асқақтатуға үлес қосып жүрген  Анастасияға қанатың талмасын, өркендей бер дегіміз келеді.

АҚПАРАТ 12 желтоксан 2013 г. 951 0