ЕҢ ҮЗДІК ҚАЗАҚ ТІЛДІ МЕКЕМЕ

Тәуелсіздік күні мерекесіне орай облыстық тілдерді дамыту басқармасы «Ең үздік қазақ тілді мекеме» атты байқау өткізді.
Байқау талаптары бойынша сарапшылар мекемелердегі «Қазақ тілі» кабинетінің немесе «Мемлекеттік тіл саясаты» бұрышының ұйымдастырылуына, мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру бағытында қабылданған бағдарламалар мен іс-шаралар жоспарының жасалуына, мекеменің алқа мәжілісінде «Тіл туралы» Заңының орындалуы мәселелерінің қаралғандығына, көрнекі ақпараттарының заң талаптарына сай болуына, шығыс құжаттарының көрсеткіштеріне, мемлекеттік тіл саясатын жүргізуге арналған шаралардың ұйымдастырылуына мән берді. 
Байқау қорытындысында І орынды облыстық кедендік бақылау департаменті жеңіп алса, одан кейінгі орындар облыстық қаржы басқармасы мен облыстық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің департаменті өзара бөлісті. Жеңімпаздар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Айсәуле ҚАРАПАЕВА.

АҚПАРАТ 12 желтоксан 2013 г. 1 106 0