« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |
Аудан халқы саяси науқанда жоғары белсенділік көрсетіп, өз таңдауларын жасауда. Кәмелет жасына толып, алғаш дауыс беруші азаматтарға естелік сыйлықтар табысталды. Ал сайлаудың заңға сәйкес өтуін байқаушылар мен үміткерлердің сенімді өкілдері бақылап отыр. Сондай-ақ, кент орталығындағы М.Көкенов атындағы мәдениет үйінде орналасқан №335 сайлау учаскесіне барған аудан әкімі Руслан Рүстемов те халықпен бірге өз таңдауын жасады.
***
Шиелі ауданының барлық елді мекендері мен кент орталығындағы сайлау округтері және учаскелері саяси науқанды толық дайындықпен бастады. Таңғы сағат жетіден бастап өңір тұрғындары сайлау учаскелеріне барып, өз таңдауларын жасады.
Аудан бойынша 15 сайлау округі және 37 сайлау учаскесі болса, оған бүгінге дейін 42097 адам тіркелген. Барлық сайлау учаскелері белгіленген уақытта сәйкес өз жұмыстарын бастап, дауыс берушілерге қолайлы жағдай жасады. Еліміздің жарқын болашағын таңдау жолында аудан тұрғындары белсенділік танытты.
***
Мемлекетіміз үшін маңызды саяси науқанға Жалағаш ауданы да белсенді атсалысты. Өңірдегі барлық сайлау учаскелерінің жұмыстары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Әнұранымен басталды.
Аудан тұрғындарының сайлаудағы дауыс беру қарқыны жоғары болды. Кент орталығындағы Қ.Қазантаев атындағы Мәдениет үйінде орналасқан №128 сайлау учаскесінде сайлаушылармен бірге аудан әкімі Талғат Дүйсебаев та өз таңдауын жасады.
Аудандық сайлау комиссиясының мәлімдеуінше, сайлауда 22 244 сайлаушының 90,5 пайызы жоғары белсенділік танытқан. Сайлаудың қорытындысымен партиялар арасында «Нұр Отан» партиясы жоғары дауыс жинап, көпшілік сеніміне ие болды.
Кенжетай Балғабайұлы.
« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |