« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |
Облыс әкімдігі ғимаратында облыстық сайлау комиссиясының отырысы
болып өтті. Оған облыстық сайлау комиссиясының
мамандары, «Нұр Отан» партиясы, «Қазақстан коммунистік халық партиясы», «Ақжол»
ҚДП , «Бірлік» саяси партиясы, «Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы» және
«Ауыл» ХДПП облыстық филиалдарының жетекшілері
мен БАҚ өкілдері қатысты.
Отырысты облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Абайбек Жүнісов ашып, жиынның маңыздылығына кеңінен тоқталып, күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тиісті мамандарға сөз берді. Алдымен облыстық сайлау комиссиясының хатшысы Аягөз Сырлыбаева саяси партиялар мен кандидаттар үгіт жұмыстарын жүргізген кезде «ҚР сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңы және БАҚ арқылы сайлау алдындағы үгітті жүзеге асырудың, сайлау қорларының қаражатын жұмсаудың ережелерін және ҚР ОСК қаулылары мен басқа да ережелердің талабын сақтау қажеттігін айтып берді. Мұнан кейін облыстық сайлау комиссиясының мүшесі Қожамжар Наурызбаев сайлауға қатысушы саяси партиялар мен кандидаттарды қолданыстағы сайлау заңнамасының талаптарын ұстануға шақырды.
Негізінен, ҚР мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес биылғы жылдың 23 ақпанында мәслихаттар депутаттығына кандидаттарды тіркеу аяқталған болатын. Сонымен облыста мәслихаттар депутаттығына ұсынылған 498 кандидаттың 464-і округтік сайлау комиссияларының шешімімен тіркелді. 32 кандидат өз өтініштерін қайтарып алған болса, 2 кандидат құжаттарын түгел тапсырмауына байланысты тіркеуден бас тарту туралы шешім қабылданған. Сондай-ақ, 4 кандидат тіркеуден алынса, оның 2-і өз шешімімен, ал екеуінде декларацияда көрсетілген табысы мен мүлкі туралы мәліметтердің бұрыстығы анықталып, шешім күшін жойған. Тағы бір айта кетерлігі,кандидаттардың ішінде 86-сы облыстық, 313-і аудандық және 61-і қалалық мәслихатқа тіркелген. Кандидаттардың 393-і жоғары білімді болса, 49-ы арнаулы және 18-нің орта білімі бар. Оның ішінде 136 мұғалім, 93 инженер, 40 экономист, 24 заңгер, 14 дәрігер, 14 ауыл шаруашылығы саласының маманы және 70-і өзге саланың маманы болып табылады. Барлық тіркелген кандидаттардың 312-сі өзін-өзі ұсыну жолымен және 148-і саяси партиялардан ұсынылғандар. 146 кандидат «Нұр Отан» партиясының мүшелері, 3-і «Ауыл»ХДПП, 1-і «Ақжол» ҚДП, 2-і ҚКХП мүшесі болса 308-і партия қатарында жоқ.
Сондай-ақ, ЕҚЫҰ-ның екі сарапшысы алдағы уақытта саяси партия өкілдерімен және кандидаттармен кездесетін болады. Жиын соңында сайлаудың әділ өткізілуі туралы меморандумға қол қойылды.
Сара АДАЙБАЕВА.
« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |