« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |
Қаладағы №198 орта мектебінде «Үлкен Ел – Үлкен Отбасы» жалпыұлттық жобасы аясында «Спорт – денсаулық кепілі» атты волейбол сайысы болып өтті. Облыстық ассамблея хатшылығы мен «Қоғамдық келісім» мекемесінің ұйымдастыруымен өткен шараға түрлі этномәдени бірлестіктің мүшелері, белсенді жастар, мұғалімдер мен оқушылар қатысты.
Жастар арасындағы салауатты өмір салтын қалыптастыру, насихаттау, достық, бірлік пен татулық ұғымын тереңінен түсіну сайыстың басты мақсаты болып табылады.
Сайысқа төрт команда қатысып, өзара бақ сынасты. Тартысты өткен жарыста бірінші орынды татар этномәдени бірлестігінің жастары алса, екінші орын Қорқыт Ата атындағы ҚМУ студенттеріне бұйырды. Қырғыз этномәдени бірлестігінің жастары үшінші тұғырдан көрінді. Жарыста түрлі этнос өкілдерінен құралған «Достық» тобы командасы да тамаша ойын өрнегін көрсетті. Барлық қатысушылар арнайы жүлделермен марапатталды.
Алдағы уақытта да жастар арасындағы салауатты өмір салтын қалыптастыру және «Үлкен Ел – Үлкен Отбасы» жалпыұлттық жобасын насихаттау негізінде түрлі іс-шаралар өз жалғасын табатын болды.
Сара АДАЙБАЕВА.
« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |