« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |
Қаладағы Достық үйінде «ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарын сайлау және дайындық жұмыстары» атты тақырыпта семинар болып өтті.
Шараны «Қоғамдық келісім» орталығы басшысының орынбасары Асылбек Жұмабаев жүргізіп, семинардың маңыздылығына кеңінен тоқталды. Алдымен сөз алған облыстық сайлау комиссиясының мүшесі Қаракөз Есбосын Ассамблея сайлайтын үміткерлерге қойылатын талаптардың партиялық тізімдер бойынша сайланатын Мәжіліс депутаттығына кандидаттарға қойылатын талаптардан еш айырмашылығы жоқтығын алға тартты. Сонымен қатар кандидаттарды ұсыну құқығы Қазақстан халқы Ассамблеясына сессиялар арасындағы кезеңде басшылық ететін және қазіргі уақытта 67 адамнан тұратын ассамблея кеңесіне тиесілі. Ассамблея сайлайтын Мәжіліс депутаттығына кандидаттар сайлау жарнасын төлемейді және сайлау қорын құрмайды.
Парламент Мәжілісі мен жергілікті мәслихат депутаттарынсайлауды Қызылорда облысы бойынша 9 аумақтық, 29 облыстық округтік, 118 аудандық және қалалық округтік сайлау комиссиялары, 350 сайлау учаскесі қамтамасыз етеді. 2016 жылдың 1 қаңтарындағы мәлімет бойынша бұл сайлау учаскелеріне барлығы 405736 сайлаушы нақтыланған.
Семинар барысында қатысушылар хабарламалар жасап, өз ұсыныс-пікірлерін ортаға салып, талқылады.
С.ҚОРҒАНБАЙҚЫЗЫ.
« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |