« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |
Сексен мыңнан
астам халқы бар Жаңақорған ауданында алдағы Мәжіліс және жергілікті мәслихат
депутаттарын сайлау науқанына дайындық барысы қарқын алып келеді. Нақты кезеңде
аудандағы жалпы 59 сайлау комиссиясының барлығы тиісті нұсқаулықтарға сай
жұмыстарын жалғастыруда. Құрал-жабдықтары әзірленген. Еске саларлығы,
жоғарыда аталған сайлау комиссияларының 1-і аудандық болса, 3-і облыстық
округтік, 15-і аудандық округтік, ал 40-ы сайлау учаскелері болып табылады.
Аудандық сайлау комиссиясының хатшысы Ербол Сүйіндіковтің айтуынша, осы
мерзімге дейін депутаттықтан үміткер 68
кісі өз құжаттарын сайлау комиссиясына тапсырса, оның 19-ы партиялық тізім арқылы,
қалғандары өзін-өзі ұсынғандар қатарынан болып отыр. Алдағы уақытта қабылданған
құжаттардың сәйкестігіне сай тексеру жұмыстары жүргізіліп, белгіленген
мерзімге дейін өзге де үміткерлердің құжаттарын қабылдау жалғастырылатын
болады.
Осы мерзімде Жаңақорған ауданында 42523 сайлаушы тізімге алынды. Олардың арасында жасы 95-тен асқан 12 қарт сайлаушы болса, саяси науқанға 428 жас алғаш рет қатысқалы отыр.
Нұрмахан ЕЛТАЙ.
Жаңақорған ауданы.
« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |