ЗАҢДЫЛЫҚТАР АЯСЫНДА ЖҮРГІЗІЛЕДІ

ЗАҢДЫЛЫҚТАР АЯСЫНДА ЖҮРГІЗІЛЕДІ Жуырда Сырдария ауданында саяси науқанға орай «Сайлау заңдылықтары және сайлауды ұйымдастыру» тақырыбында семинар өткізілді. Жиынға қатысқан учаскелік сайлау комиссияларының төрағалары, олардың орынбасарлары мен хатшыларына сайлау заңдылықтары таныстырылды.

«Сайлауды ұйымдастыру мен өткізуде қателіктерге ешқандай жол берілмеуі тиіс. Болмашы кемшіліктің өзі оған нұқсан келтіруі ықтимал» - деген Сырдария аудандық сотының төрағасы А.Абдулла саяси науқан кезінде азаматтардың конституциялық құқығы бұзылса, сотқа жүгінуіне болатынын атап көрсетті. Сондай-ақ, төраға комиссия мүшелерінің науқан­ның өткізілу тәртібі мен заңдылықтарын білу қажеттігін айтты.

Мұнан соң облыстық прокуратураның бөлім прокуроры Ә.Базарбаев «Сайлау заңдылығы және оны бұзушылықтың жауапкершілігі» жөнінде хабарлама жасады. «Алдағы міндетіміз сайлаудың ашықтығы мен айқындылығына қол жеткізу», – деді ол.

Сайлауалды үгіт кезеңінде де мән беретін мәселелер көп. Шара соңында қатысушылар сұрақтарға жауап беріп, білімдерін пысықтады.

Нұрбек ДӘУРЕНБЕКОВ.

Сырдария ауданы.

АҚПАРАТ 24 ақпан 2016 г. 11 166 0