Қызылорда облысы бойынша Кедендік бақылау департаменті ерікті түрде қан беру мақсатында «Донор күнін» өткізді. Бұл игілікті шараның дәстүрге айналғанына тоғыз жыл болды.
Сыр елінің кеденшілері жыл сайын төл мерекелері қарсаңында қан тапсырады. Ал, қан тобы сирек кездесетін кеден қызметкерлері Қан орталығының арнайы шақыруы бойынша бірнеше мәрте қан өткізеді. Тұрақты донорларға орталық атынан лайықты құрмет көрсетіліп тұрады.
Бір емес, бірнеше адамның тамырында бүлкілдеп ағып жататын қанының өзге адамға қуаныш сыйлайтынын, қан жоғалтқан жанға дәру болатынын білетін кеденшілер әрқашан абырой биігінде жүрері анық.
Нұрбек САҒАТҰЛЫ.