ЕЛ МЕРЕЙі ТАСЫҒАН КҮН

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесіне орай  Қармақшы ауданында өткен салтанатты жиынды аудан әкімі Н.Шамұратов ашып, еліміз  тәуелсіздік алғалы бері Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың сарабдал саясаты арқасында бүгінде әлем таныған, экономикасы барынша дамыған Қазақстанның қол жеткізген жетістіктері, сондай-ақ, ауданда өңір тұрғындарының әлеуетін көтеруге байланысты  атқарылып жатқан іргелі істер жайлы баян етті. 
Жиын барысында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес биылғы жылғы сайлау қорытындысымен сайланған ауыл әкімдері салтанатты түрде ант қабылдады. 
Салтанатты жиын барысында слайд арқылы елімізде атқарылып жатқан ауқымды жұмыстар жайында бейнефильм көрсетілді. Сондай-ақ, аудан тұрғындары аудандық орталық кітапхана ұйымдастырған   «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» тақырыбындағы Елбасымыздың әр жылдары жазған кітаптары мен Елбасы туралы жазылған шығармалар көрмесімен  танысты. 
Салтанат соңында аудан өнерпаздары ән мен биден шашу шашты. 
Е.АҚҚАЛИҰЛЫ.
Қармақшы ауданы.

АҚПАРАТ 30 қараша 2013 г. 1 031 0