КЕМЕЛ ЖҮРЕК, КЕНЕН ЕР

Тұңғыш Президент күніне орай облыстық прокуратурада «Құқықтық Қазақстан және Президент» атты шағын конференция болып өтті. 
– Елбасы десек, ойымызға Тәуелсіздік түседі. Себебі, Тәуелсіздік Елбасының екінші аты іспетті,– деді конференцияда баяндама жасаған облыс прокуроры Сапарбек Нұрпейісов.– Халқымыздың  ғасырлар бойы аңсаған азаттығына Нұрсұлтан Назарбаевтың сындарлы саясаты негізінде қол жеткізгеніміз баршаға аян. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы ашық-шашық шекара,  жұмыссыз қалған жұрт, бос қалған дүкен сөрелері, төленбей қалған айлық табыс, жойылып кеткен жәрдемақы,.. осының бәрі ел басына түскен ауыртпалықтың қаншалықты қиын екенін көрсетеді. Тағдыр қазақ халқының маңдайына  Нұрсұлтандай дара тұлғаны сыйлады. Елі таңдаған Елбасы өзіне сенген сан ұлттың мекеніне айналған Қазақстанды өрге сүйреп, кемел келешекке жетеледі. Қазір Қазақстанды әлем халқы мойындады. Тіпті алпауыт мемлекеттердің өзі өркениетке ұмтылған жас Қазақстанмен, оның Тұңғыш Президентімен санасатын болды. Осының бәрі де Елбасының тұлғасын биіктете берері анық.
Конференцияда аталмыш мерекеге орай Қызылорда мемлекеттік университетінің оқытушылары мен облыстық прокуратураның бөлім басшылары  түрлі тақырыпта баяндамалар жасады. 
Мерекелік шарада бір топ сала қызметкерлеріне І сыныпты заңгер шені мен облыс прокурорының Алғыс хаты табыс етілді. 
Ж.БАЛАБАЙҚЫЗЫ.

АҚПАРАТ 30 қараша 2013 г. 1 041 0