ЭНЕРГИЯНЫ YНЕМДЕУ ШАРАЛАРЫ АТҚАРЫЛДЫ

Бүгінде шаруашылықтың барлық салаларында энергияны үнемдеу мен  энергия тиімділігін арттыру  басымды мәселелердің бірі болып табылады.
Осыған орай, Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті  «Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» акционерлік қоғамының атқарып жатқан жаңғырту және қайта құру жұмыстарының  барысымен танысу мақсатында  баспасөз турын ұйымдастырды. 
«Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» акционерлік қоғамына 2011-2012 жылдарға  және 2013-2015 жылдарға инвестициялық бағдарламалары бекітілген.
2011-2012 жылдарға бекітілген инвестициялық бағдарлама аясында жалпы сомасы 208,0 млн. теңгеге 143 шақырым ВЛ-0,4 кВ кернеулі электр желілеріне жаңғырту және қайта құру жұмыстары тұрғын үйлердің кірмелері ауыстырыла және есептеу аспаптарының жәшіктері орнатыла отырып  жүргізілді. ВЛ-0,4 кВ кернеулі электр желілерінен тұрғын үйлерге кірмелер есептеу аспаптарына дейін бүтін оқшауланған алюминий  желілермен кіргізіліп, осы учаскелердегі ысыраптар 10-12 пайызға  төмендеп, электр энергиясын ұрлау мүмкіндіктері жойылып, қызмет көрсету сапасы артты.
Атқарылған шаралар нормативтік техникалық ысыраптардың төмендеуіне және нормативтен тыс ысыраптарды болдырмуға алып келеді. Мысалы, 2010 жылы электр энергиясының ысыраптары қоғам бойынша  16,3 пайызды құраса, 2016 жылға 15,47 пайызға түседі деп күтілуде. Сонымен қатар, өндірістік активтердің тозығы да 2010 жылмен салыстырғанда 51пайыздан  37 пайызға түскен. 
Осы тектес жұмыстар ЭКЕАЖ (электр энергияны коммерциялық есептеудің автоматтандырылған жүйесі) есептеу аспаптарын орната отырып сомасы 758,460 млн. теңгені құрайтын 2013-2015 жылғы инвестициялық бағдарлама аясында  жүргізілуде. Инвестициялық бағдарлама  412,73 шақырым ВЛ-0,4 кВ кернеулі электр желілеріне жаңғырту және қайта құру жұмыстарын және 18045 дана тұрмыстық деңгейдегі ЭКЕАЖ аспаптарын орнатуды қамтиды.
Бұл жұмыстар электр энергиясы есепке алынуы дәлдігін арттырады, коммерциялық ысыраптарды төмендетуге, электр энергиясы ұрлануы орындарын анықтауға мүмкіндік береді. Энергия жүйесінің қарбалас сәтіндегі жүктемелер кезінде тұтынылатын қуаттар төмендейді. Электр энергиясы сапасын бақылауға жол ашады. Сонымен бірге, электр қуатының мүмкіндіктері артады.
2013 жылы  бюджет есебінен 13 қалалық және 2 аудандық бас қосалқы станцияларында жалпы сомасы 30,47 млн. теңгеге есептеу кешендеріне жаңғырту мен қайта құру және 242 дана жоғары деңгейде ЭКЕАЖ  аспаптарын орнату жұмыстары жоспарланған. Осыған ұқсас жұмыстар 2014 жылы да жалпы сомасы шамамен 10,0 млн. теңгеге 5 аудандық бас қосалқы станцияда 79 дана есептеу аспаптарын орната отырып жүзеге асырылады.
Ж.ӘЛМАХАНҰЛЫ.

АҚПАРАТ 23 қараша 2013 г. 1 142 0