БӘРІ ДЕ БАЛАЛАРДЫҢ БАҚЫТЫ ҮШІН

БӘРІ ДЕ БАЛАЛАРДЫҢ БАҚЫТЫ ҮШІН

Бар жақсылық балаларға. Қазіргі уақытта қамқорлық пен қолдауға мұқтаж жандар үшін мол мүмкіндік сыйлайтын республикалық "Қамқорлық” акциясы дәстүрлі түрде жалғасып келеді. Онда балалар мен мүмкіндігі шектеулі, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға көмек қолын созып, қолдау білдіреді.

БӘРІ ДЕ БАЛАЛАРДЫҢ БАҚЫТЫ ҮШІНОсы орайда биылғы жылы "Нұрлы жол” қоғамдық қоры және қалалық білім бөлімі, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, мәдениет және тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт, ішкі саясат бөлімдерінің арасында арнайы меморандумға қол қойылды.

Аталмыш меморандум негізінде А.Тоқмағанбетов атындағы мәдениет үйінде республикалық "Қамқорлық” акциясы аясында "Бәрі де балалардың бақыты үшін” тақырыбында қайырымдылық шарасы өтті.

Қайырымдылық акциясында қала әкімінің орынбарасы Р. Боханова мен қалалық білім бөлімінің басшысы М.Аралбаев сөз алып, балғындарға жылы лебіздерін білдірді.

Сонымен қатар мектепте үйден оқытылатын оқушылармен мүмкіндігі шектеулі 25 балаға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 5 балаға қолдау көрсетіліп, бағалы сыйлықтар табыс етті. Сондай-ақ, "Нұрлы жол” қайырымдылық қорының президенті Мейрамбек Жұмағұлов балаларға ізгі тілегін арнап, қоры атынан планшеттер табыс­тады.

Балғындар да қонақтарға арнайы әзірлеген концерттік бағдарламасын ұсынды. Шара соңында қайырым­дылық қоры балаларға арнап тәттіге толы дастарқан жайды.

 

С.АДАЙБАЕВА.
АҚПАРАТ 03 ақпан 2015 г. 1 565 0