АЛАЯҚҚА АЛДАНЫП ҚАЛМАҢЫЗ

Қыс мезгілінде ауа-райының суық болуынан далалы аймаққа ұзақ уақытқа шыққан уақытта адамдарда үсік шалу оқиғалары орын алуы мүмкін екендігі белгілі. 2013 жылы облыс бойынша 2 адам суыққа үсіп, қайтыс болуы тіркелсе, 2014 жылы ауа райының суытуы кезеңдерінде 7 адамды үсік шалып, қайтыс болған.

Қазіргі уақытта ауа райының тұрақты жылылығы сақталғанымен «Қазгидромет» РМК Қызылорда облысы бойынша филиа­лының мәліметінше, қаңтар айының соңы мен ақпан айының басында кей жерлерде ауа температурасы төмендейтіндігі күтіледі.

Үсікке шалдығу төмен температураның әсерінен дене мүшесінің кей бөлігінің зақымдануынан (тіпті жаны кетуге дейін) болып табылады. Көбінесе үсінуге шалдығу қыстың суық мезгілінде қоршаған орта температурасы –10oС - –20o С төмен кезде орын алады. Көктемде және күзде ауа температурасы нөлден төмен кезінде далада көп уақыт, әсіресе ауа өте ылғалды және күшті жел болғанда да үсік шалуы мүмкін

Үсік шалуға әкеп соғатын жағдайлар: Аязда тар және дымқыл киім мен аяқ киім кию, қатты шаршау, ашығу, ұзақ уақыт қозға­лыссыз және ыңғайсыз болу, алдыңғы суықтан алған жарақаттың болуы, аурудың нәтижесінде болған ағзаның әлсіреуі, аяқтың тершеңдігі, аяқ-қол буындарының және жүрек-тамыр жүйесінің созбалы аурулары, қан жоғалтумен болған ауыр механикалық зақым­данулар үсуге шалдығуға әкеп соқ­тырады.

Үсінудің төрт дәрежесі болады. Үсінудің І дәрежесі (аса жеңілі) аз уақыт суық әсер етуіден. Бұл жағдайда терінің жаны кетпейді. Ондай үсінуге шалдығудың бірінші белгісі – зақымданған жерлердің жансыздануына әкеп соқтыратын күюді, шаншуды сезіну. Содан соң тері қышиды және ауырады.

Үсуге шалдығу кезінде алғашқы көмек.

Алғашқы көмек тоңуды тоқтатудан, аяқ-қолды жылытудан, суыққа шалдыққан ұлпаларда қан айналымын қалпына келтіру мен инфекцияның алдын алудан тұрады.

Үсуге шалдығу белгілерін байқаған кезде бірінші – зардап шегушіні жақын маңайдағы жылы жерге апару, қатып қалған аяқ киімді, шұлықты, қолғапты шешу керек. Алғашқы көмек іс-шараларын өткізумен бірге дәрігерлік көмек көрсету үшін шұғыл түрде дәрігерді, жедел жәрдемді шақыру қажет.

І дәрежелі үсікке шалдығу кезінде тоңған жерлерді қызарғанға дейін жылы қолмен жеңіл уқалау, жүн матамен ысқылау, деммен жылыту керек, содан кейін мақта-дәкемен орау керек.

ІІ дәрежелі үсіну ұзақ уақыт суық әсер етуінен болады. Оған аса тән белгі – зақым­данудан кейінгі бірінші күні теріде түссіз сұйықтық толған көпіршіктің пайда болуы. ІІ дәрежелі үсінуден соң ауруды І дәрежелі үсінуге қарағанда ұзағырақ және тереңірек сезінеді, тері қышиды және ауырады.

ІІІ дәрежелі үсіну кезінде темпера­тураның төмендеуі және ұлпаға суық әсерінің ұзақтығы артады. Бастапқы кезде теріде пайда болған көпіршіктердің іші қанға аралас, түбі қоңыр-көк болады және тітіркендіргіштерді сезбейді. Терінің барлық элементтері өледі де соңында бітеледі.

IV дәрежелі үсіну температураның аса төмендеуінен және ұзақ уақыт суықта қалу әсерінен туады. Ол көбінесе ІІІ және ІІ дәрежелі үсікке шалдығумен үйлеседі. Жұмсақ ұлпаның барлық қабаттары өледі, жиі сүйек пен буын зақымданады.

Зақымданған дене көгереді, тіпті кейде мәрмәр түсті болады, жылыған кезде ісіктер ұлғая бас­тайды. Денедегі ісіктің біраз ұлғайған жерінде көпіршіктің болмауы, сезімталдығының жоғалтуы IV дәрежелі үсуге шалдығудың куәсі болып табылады.

ІІ - IV дәрежелі үсікке шалдығуда тез жылыту, қатты уқалау мен ысқылаудың қажеті жоқ. Зақымданған жерді жылу өткізбейтін таңғышпен ораңыз (дәке қабатымен, қалың мақта қабатымен, тағы дәке қабатымен, үстіне су жібермейтін матамен таңу). Зардап шегушіге ыстық сусын, ыстық тамақ, 1 таблеткадан аспирин, анальгин, 2 таблетка «Но-шпа» және папаверин беруге болады.

Аурудың үсік шалған денесін қатты матамен немесе далалы аймақта қармен ысқылауға кеңес берілмейді, өйткені саусақтар мен табандардың қан тамырлары өте нәзік болады, сондықтан оларға зақым келуі, теріде пайда болған кішкентай жарықшақтар инфекция түсуіне жол береді. Үсінген аяқ-қолды отқа өте жақын ұстап жылытуға, бақылаусыз жылытқыштар мен сол сияқты қауіпсіз жылу көздерін қолдануға болмайды, өйткені үсіну барысын қиындатады және асқынуға әкеп соғады.
АҚПАРАТ 24 қаңтар 2015 г. 1 328 0