« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |
Н.Бекежанов атындағы драма театрында ақын, драматург Исрайл Сапарбайдың поэтикалық музыкалық драмасы «Сыған серенадасы» қойылымы көрермендер назарына ұсынылды. Драманың бас қоюшы-режиссері – Қуандық Қасымов.
Қойылымға келген көпшілік қазақтың танымал сазгері Шәмші Қалдаяқовтың өмірімен, әсіресе, оның жұртшылыққа беймәлім тұстарымен тереңірек танысты.
Жас Шәмші жаңбырлы күндердің бірінде Сағыныш есімді арумен танысады. Бірақ екеуінің сүйіспеншілікке толы сырлы сезімдері оларды бір арнада тоғыстыра алмайды. Сазгер махаббат пен жалғыздық күйін кешіп жүргенде сығандар тобырына кез болып, Изольда есімді қызға ғашық болады. Олардың арасында бірнеше айлар бойы болған Шәмшіге сыған қызының махаббаты да оянады. Алайда, сыған халқы еркін, көшіп-қонып жүрген ел болғандықтан, қазақ жерінен кететін сәт жетеді. Сол уақытта ғашықтардың қимастықпен қоштасуына тура келеді. Себебі, Шәмші туған жерін, елін тастап, сүйгеніне еріп кете алмайды. Осылайша, қос жүректің махаббатынан дүниеге «Сыған серенадасы» әні келеді. Бұл нәзік сезім мен романтикалық шығарма — кіршіксіз, таза махаббаттың жемісі болды. Спектакль дарынды композитордың әнімен сүйемелденді. Поэтикалық драма желісіндегі арпалыс, сезім машақаты, Шәмшінің өрмінезді өнегесі көрермендерді бейжай қалдырмады.
– Бүгін қазақтың маңдайына
біткен сазгер Ш.Қалдаяқовтың өмірінен сыр шерткен қойылымның куәсі болып
отырмын. Әсерлі шыққан дүние. Сазгердің өмірмен арпалысы, оның махаббат
сезімдері керемет, өміршең туындыны жарыққа әкелген. Композитордың дарынын
еңкейген қарттан, еңбектеген балаға дейін құрметтейді. Ол кісі өзі болмаса да
оның шығармалары мәңгі қазақ халқымен жасайды, – дейді көрермен Жансая
Жүгінісова.
Расымен де, халықтың «Ән аға, Шәмші ағасы» атанған дарынды композитордың туындылары қазақ жұрты барда мәңгі жасайтын болады.
М.ДАУЫЛБАЙҚЫЗЫ.
« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |