ТАТУ ЕЛДІҢ ТУЫ БИІК

ТАТУ ЕЛДІҢ ТУЫ БИІК

Біз бүгінде бір атаның баласындай үлкен отбасында өмір сүріп жатырмыз. Татулығымыз берік. Қашанда бір-бірімізге қол ұшын созып, бір нанды бөле жеген бауырлардай етене араласып, бір мақсат жолында келеміз.

Негізінен биылғы жыл мәдени іс-шараларға толы болмақ. Қазақстан халқы Ассамблеясы мен ҚР Конституциясының 20 жылдығы, Қазақ хандығының 550 жылдығын және Ұлы Жеңістің 70 жылдығын жоғары деңгейде атап өту жоспарланды. Бұл шараларға байланысты үлкен дайындық жұмыстары жүргізілуде. Осыған орай әрбір өңірде мәдени іс-шаралар жоспары әзірленді. Тағы бір айта кетерлігі, еліміздің түкпір-түкпірінде ашылған ұлттық-мәдени орталықтар белсенді түрде кең көлемдегі шараларды ұйымдастырып жатыр. Осы тұста облыстағы "Қырғыз қоғамдық мәдени орталығы” қоғамдық бірлестігінің атқарып жатқан жұмыстары орасан. Қоғамдық бірлестік мүшелері түрлі іс-шаралардың өтуіне ұйытқы болып, белсенді түрде атсалысып келеді.

Біздің елде барлық ұлттар бір-бірімен араласып, құраласып тіршілік етуде. Оларға өздерінің ұлттық салт-дәстүрлерін, әдет ғұрыптарын, мәдениетін, тілін байытып дамытуға мүмкіндік жасалған. Сонымен қатар біздің өңірімізде ұлтаралық қарым-қатынастың мызғымас ұйытқысына айналған татулықты, этностардың бірлігі мен бір мақсатқа жұмылуының айқын көріністерін көруге болады. Мұның бәрі ұлттық-мәдени орталықтардың бір-бірімен тығыз қарым-қатынаста болып, ынтымақ пен бірлікте байланыс жасап жатқандығын білдіреді.

Ең бастысы және маңыздысы ұлттар арасындағы татулық берік болғай!

 

Сақтапберген ЖҰБАТҚАНОВ,

облыстық "Қырғыз қоғамдық-мәдени орталығы” қоғамдық бірлестігінің жетекшісі.
АҚПАРАТ 24 қаңтар 2015 г. 1 361 0