« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |
"Сыр медиа” ЖШС жанындағы облыстық коммуникациялар орталығында облыстық әділет департаментінің басшысы Балайым Кесебаева БАҚ өкілдеріне арнап брифинг өткізіп, атқарылған ауқымды іс-шаралар мен алдағы міндеттер туралы айтып берді.
Жаңа жылдан бастап заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Ол бойынша шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін «Электронды үкімет» веб-порталында тіркеу мерзімі бұрынғы 1 күннен 1 сағатқа қысқартылды. Енді заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және қызметін тоқтатуды тіркеу кезінде мемлекеттік баж алымы алынбайды. Шағын кәсіпкерлік субъектілерінен жарғылық капитал талап етілмейді. Жеке кәсіпкерге бұрын міндетті түрде мөр жасату керек болса, енді оның қажеті жоқ.
Өткен жылы әділет департаменті 912 заңды тұлғаны тіркеді. «Электрондық үкімет» веб-порталы негізінде онлайн режимі бойынша 479 заңды тұлға мемлекеттік тіркеуден өтті.
Ел азаматтарына, оралмандарға және осында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы заң күшіне еніп, жылжымайтын мүлікті жария ету жөніндегі аудандық, қалалық комиссиялары 2014 жылдың 1 қыркүйегінен бастап жұмыс атқаруда. Департамент басшысы мүлікті жария етудің заңдылықтарына тоқталып, азаматтың мүлікті иеленуге, пайдалануға ресми рұқсат алуының артықшылықтарын түсіндірді. Облыс көлемінде жылжымайтын мүлікті жария ету жөніндегі аудандық, қалалық комиссияларға барлығы 212 өтініш түсті.
Авторлық құқықты қорғау мақсатында өткен жылы 9 субъекті тексеріліп, 6 әкімшілік құқық бұзушылық туралы материал қозғалды. Контрафактілік өнімдердің бейберекет сатылуына қарсы шаралар атқарылды.
Жалпы нормативтік құқықтық актілерді қабылдау мәселесінде заңдылықтың сақталуы және аталған актілер міндетті түрде мемлекеттік тіркеуден өтуге тиіс. Тіркеу – олардың күшіне енуінің қажетті шарты. Жергілікті мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерін тіркеу қызметі басталғаннан бері облыс бойынша 6700-ден астам акт тіркеуден өтті.
Жыл қорытындысы бойынша АХАЖ органдары барлығы 34026 азаматтық хал актілерін тіркеген. Статистикалық мәліметтерге жүгінсек, туу 19981, неке қию 6426, некені бұзу 1552-ні құрап отыр. АХАЖ органдары электронды қызмет көрсетуді де жолға қойған.
Жыл көлемінде қозғалған барлық атқарушылық өндірістер бойынша мемлекет пайдасына 11 млрд., жеке тұлғалар пайдасына 28 млрд. теңгеден астам қаржы өндірілді. Сот актілерін орындау саласында алимент өндіру мәселесі маңыздылар қатарынан түскен емес. Былтырғы жылы алимент төлемдерін өндіру бойынша 9058 атқарушылық өндіріс орындауда болған.
Жеке сот орындаушыларда 5,5 млрд. теңгеге жуық атқарушылық өндіріс болса, оның 1 млрд. теңгеден астамының өндірісі аяқталған. Алдағы уақытта мемлекеттік сот орындаушылардың жұмыс жүктемесін азайту мақсатында жеке сот орындаушылардың өңірлік алқасымен, ішкі істер департаментімен, мемлекеттік кірістер департаментімен, төтенше жағдайлар департаментімен, тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментімен бірлесе атқарушылық өндірістерді орындау мәселелері бойынша меморандум жасалмақ.
« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |